Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет493/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ПІКІР
РЕАК


467
жылдамдығын, әсерін және реакция-
ның өту түрлерін әртүрлі әдістер 
арқылы қарастыру. Р. өкілдерінің 
ұйғарымынша, рефлекстік түйсікті 
«реакция» ұғымы деңгейіне дейін 
көтермелеу арқылы психологияның
объективті және субъективті жақта-
рын «қосақтау» мүмкіндігі артады. 
Бірақ мұндай синтездеуде жасанды-
лық, сырттай формальды үйлестік 
айқын. Жасандылықтан туындайтын 
жаңа психологияның дұрыс міндеті
мен оның бұрынғы мазмұнындағы 
күңгірт бағдар арасындағы қайшы-
лықтардың мәні 1930 жылдардағы 
пікірталаста анықталғаннан кейін 
психологияда Р. ұғымы қолданылу-
дан қалды.
РЕВАНДИ ХОРЕзМИ (ХІІІ ғ.). 
Реванди Хорезмидің Сырдария са-
ғасындағы Сығанақ қаласында жаз-
ған «Мұхаббатнаме» деген шығарма-
сы бізге жеткен. Дастан Мұхаммед 
Қожабекке (Алтын Орда билеушісі) 
арналған. Қазір оның екі нұсқасы 
белгілі. Біріншісі – араб, екіншісі –
көне түркі тілінде жазылған. Екеуі де 
Лондондағы кітап қорында сақтаулы. 
Дастан жас жігіттің сүйген қызына 
жазған сүйіспеншілік хаттарынан 
тұрады. Махаббаттан мың түрлі сыр 
туады, ол қашып құтыла алмайтын 
қайғы деген түйінді өзіне арқау еткен
осы шығармада дүние, малға қызық-
пау, азды жақсы дәстүр-салтты сақ-
тау, ақыл-парасатты қастерлеу («Бі-
лімдіні білімі үшін мақтайды») жас-
тық пен махаббаттың психологиясы 
(«Жастық өз уақытын білмейді», 
«Екі жарық гауһарды әлемге берген, 
махаббат қазынасын адамға берген», 
т.б.) іспеттес көптеген тәлімдік ой-
лар аз кездеспейді.
РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУ 
– Пси-
хологиялық мағынада бұл ұғым 
біріншіден, адамның жас кезеңінен 
екіншісіне өткенде байқалатын пси-
хиканың тез, қарқынды дамуы, екін-
шіден, психиканың дамуы генотип-
тен гөрі фенотипке, яғни қоршаған 
ортаның әсеріне байланысты және
сол әсер арқылы адам психологиясы 
мен қылығында бұрындары көрінбе-
ген қасиеттер тұжырымдайды дейтін 
психологиялық қисын.
РЕДУКЦИОНИзМ 
– (лат. қайта 
оралу) – біртектес құбылыстың са-
палық деңгейін басқа құбылысқа 
телитін әдістеменің бір түрі. Р. Бұл 
психологияның өзіндік заңдылықтар 
мен мен тетіктерін ескермей, тіпті 
оларды шығаруға тырысып, оның 
ғылымдағы орнын елемеушілік. 
Психикалық құбылыстарды жанама 
эпифеномендік құбылыс ретінде 
қарастыруы жеке адамның сана-
сезімі мен әрекетінің ерекшелігімен 
есептеспеу ғылыми тұрғыдан дұрыс 
болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет