Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет496/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   492   493   494   495   496   497   498   499   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

РЕФЛЕКСТІК ШЕҢБЕР –
ми және 
дене бөліктеріне (жұмыс атқаратын 
органдарға жәй хабар жеткізіп қана 
қоюмен шектелмейді), ол өзінің 
жолдаған хабарынан мағлұмат алып 
та отырады. Мұнсыз ми сыртқы ор-
тадан мүлде қол үзген болар еді де, 
организмдегі түрлі тітіркендіргіш-
терге ретімен жауап беріп отыру 
қиынға соғар еді. Тек екі жақтан ха-
барлаудың арқасында ғана ми айна-
ладағы құбылыстар туралы дұрыс 
мәлімет алып, нақтылы мұқтажын 
өтеуге өз әрекетін бағыттай алады. 
Кейінгі зерттеулерде рефлекстердің 
жасалу дәстүрі үш мүшелі доға прин-
ципіне шектелмейтіндігі, яғни реф-
лекс қызметі жұмыс органына келу-
мен бітпей, ол сонымен бірге миға 
қайтадан хабар жеткізіп отыратын-
дығы белгілі болып отыр. Киберне-
тика ғылымы жарыққа шықпастан
көп бұрын совет физиологы П.А. Ано-
хин ұсынған осы теория (1935) реф-
лекс туралы ілімнің творчестволық-
пен дамытылуының айғағы еді. Сөй-
тіп физиолог Н.А. Бернштейн айт-
қандай, қазір рефлекстердің жасалу 
жолын доғамен белгілемей, «рефлекс 
шеңбері» арқылы жасалатындығын 
мойындау бірден-бір ғылыми түсінік 
болып отыр.
РЕФЛЕКСИЯ 
(лат. reslexio – кейінге 
оралу) – бейнелеуді, сондай-ақ та-
ным актісін зерттеуді білдіретін тер-
мин. Әртүрлі филос. жүйеде Р.-ның 
мазмұны бірдей емес. Локтың ойын-
ша, түйсік сыртқы заттармен тікелей 
ұштасады, ал бақылау сананың ішкі 
іс-әрекеттеріне бағытталғанда Р. 
ерекше білімнің бастамасы болмақ. 
Лейбниц үшін, Р. – адамның жан дү-
ниесіндегі өзгерістерге көңіл бөліп, 
елеушілік, Юмнің ұйғарымынша, 
идеялар – сырттан қабылдайтын 
әсерлерді Р.-лау. Гегель үшін, Р. –
екі түрлі нәрсенің мысалы, мән мен
құбылыстың өзара бейнеленуі. «Реф-
РЕФЛ
РЕФЛ


470
лекстеу» термині сананы өз-өзіне 
үңілдіруді өз психикалық күйіне ой 
жүгіртушілікті сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   492   493   494   495   496   497   498   499   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет