477
арғы жануар тегінен алынғанын,
сондай-ақ адамның мінез-құлқы мен
психикасының әлеуметтік-тарихи
факторлардың әрекеті нәтижесінде
пайда болып, дамыған түбегейлі
сапалық айырмашылықтарын көр-
сетеді. Осыған байланысты қазіргі
уақыттағы маймылдардың амалдау,
құралдармен әрекет жасау, табын-
дық іс-әрекеті және т.б. психикалық
функцияларын зерделеу негізінле
адамның еңбек қарекетінің, адамзат
қоғамынын, сөйлеуінің шығуының
биопсихологиялық алғышарттарын
анықтауға ерекше назар аударылады.
Адамның мінез-құлқының биоло-
гиялық детерминанттары (жануар-
лардың мінез-құлқымен ортақтары
немесе тікелей содан шыққаны)
этологиялық зерттеулер әдістері мен
нәтижелері қарастырылып зертте-
леді. Адам мен жануарлар психи-
каларының арақатынасы, олардың
психикалық функциялары мен ерек-
шеліктері туралы мәселе ежелгі ой-
шылдардан бастап зерттеліп, барлық
діндерде дүниетанымдар күресінің
объектісі болды (адамның «мәңгі
өлмейтін» жаны мен жануарлардың
«өлетін» жаны немесе жануарларда
жан болмайтыны туралы түсініктер),
XVIII ғ. аяғында, XIX г. басында
бұл проблеманың ғылыми зерттелуі
Ж.Б.Ламарктың. Ж.Л. Бюффоның,
бертініректе Ч.Дарвиннің есімдері-
мен байланысты.
С.п. мәліметтерінің психология, фи-
лософия, антропология және басқа
ғылымдар проблемаларын шешу
үшін елеулі мәні бар. Бала психо-
логиясы мен мектепке дейінгі пе-
дагогика үшін адамның, балалар
мен жоғары сатыдағы сүтқоректілер
балаларының мінез-құлықтарының
салыстырмалы – онтогенетикалық
зерттеу, баланың психикалық да-
муының биологиялық негіздері мен
факторларын талдау маңызды. Мұн-
дай салыстырмалы зерттеулердің
енді бір аспектісі – балалар мен жа-
нуарлар арасындағы қарым-қаты-
настар мен өзара түсіністіктің заң-
дылықтарын танып-білу, ақыл-ой,
адамгершілік тәрбиесі, табиғат қор-
ғау тұрғысындағы тәрбие мақса-
тында бұл заңдылықтарды пайда-
лану. С.п. мәліметтері практикалық
негізде нейропсихология мен меди-
цинада да қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: