Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет502/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

РЫБНИКОВ НИКОЛАЙ АЛЕК-
 
САНДРОВИЧ (1880-1961) 
психо-
логия ғылымдарының докторы, про-
фессор, РСФСР ПҒА
-
корр.
-
мүшесі. 
Психология тарихы мен педагогика-
лық психологияның (баланың есі,
сөйлеуі, жазуға үйретуі, өмірбаяндық 
әдіс арқылы күнделіктерді зерттеу 
т.б.) мәселелерін зерттеген. Негізгі 
еңбектері: «Баланы зерттеуге кіріспе» 
(Минск, 1921); «Психология және 
мамандық таңдау» (Орел, 1922), «Ба-
ланың тілі» (м., 1926), «Ес, оның пе-
дагогикасы мен психологиясы (М-Л., 
1930), «Мақал-мәтелдердегі психо-
логиялық мәселелер (Қолжазба, М., 
1940), т.б.
РУХ
РЫБН


475
САҚТАУ 
– психологияда естің не-
гізгі үрдістерінің бірі ретінде қарас-
тырылады. Есте қалдыру дегеніміз –
жаңадан қабылданған бейнелер 
мен материалдарды, олардың мәнін
 
есте бұрынғы сақтағандармен бай-
ланыстырып отыру. Есте қалдыру үр-
дісі талғамалы. Өйткені біз сана-
мызға бұрын әсер еткен нәрселер
мен
 
құбылыстардан, болмыс пен оқи-
ғалардан өмір мен тіршілікке қажетті 
материалдарды ғана тұрақтандырып,
жадымызда қалдыруды мақсат ете-
міз. Есте қалдыру, арнайы есте қал-
дыру, еріксіз есте қалдыру болып екі-
ге бөлінеді.
Еріксіз есте қалдыруда адам алдына 
арнайы мақсат
 
қоймайды. Ал ар-
найы есте қалдыру үшін мынадай 
шарттар қажет: 1) арнайы мақсат 
қою, оны меңгеруге ұмтылу; 2) есте 
қалдырудың әлеуметтік, тәжірибелік 
мәнінің адам қажетіне байланысты
болады; 3) есте қалдыруды жоспар-
лап, оқыған материалдардың жемісі 
мен оның ішінен еске түсерлік тү-
йінді мәселелердің ізін, мәнін білу; 
4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін
оларды ойлау үрдісімен тығыз ұш-
тастыру: 5) қабылдаған нәрселердің 
байланыс жүйелерін, тірек боларлық
желісін табу: б) қабылдаған нәрсе-
лерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп 
қажетті материалдарды есте қалды-
руды жеңілдету; 7) өз еңбегін, оқуын 
дұрыс ұйымдастыра білу; 8) саналы 
түрде қайталап, пысықтап отыру.
Мұндай талаптарды орындау адам-
ның ақыл-ой кені болып саналатын 
ес пен жадында сақтауын дамытып 
отыруға пайдалы ықпал етеді. Есте 
сақтаудың тиімді тәсілі мен жемісті 
болуы қажетті материалдарды қай-
талап (жаттап) алуға байланысты. Бұл 
тәсілдің де өзіндік амал-әрекеті, жү-
йесі бар. Кез келген (қайталау) жат-
тау жемісті бола бермейді. Ғылымда 
есті дамытуға арналған жаттау тәсі-
лін – мнемоника деп атайды Бұл ла-
тын сөзінен шыққан. Мәнісі – қайта-
лап жаттап алу амалы, есте сақтауды 
дамытудың тиімді жолының бірі.
САЛАҚТЫҚ 
– адамға қолайсыз қа-
сиеттің бір түрі. Бұл ұғым жеке адам-
ға да, соңдай-ақ кейбір отбасы, ошақ 
қасына байланысты да айтылады. 
Мәселен, кейбір үйлерде қыл-қыбыр 
есіктен төрге дейін шашылып жатады. 
Осы үйдің дастарқаны да ондағы 
ас-суы да, кесе-шәйнек, ыдыстары 
да кір-қожалақ болып келеді. Кө-
шеде үсті-басы мұнтаздай болып 
жүргендердің кейде үйі адам көргі-
сіз лас болып тұрады. Мұндай сүрең-
сіз көріністер, әсіресе әйелдер ара-
сынан аз кездеспейді. Ал, ол үйдегі 
тыныс-тіршілігінің берекесі, жас
ұрпақ тәрбиесінін тұтқасы әйелдер-
дің төрт түрі туралы Қорқыт баба-
мыз айтқан екен. Мәселен, ол әйел-
дердің бір тобы – отбасының құты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет