478
САНА
– адам психикасының ең жо-
ғарғы сатысы және болмыстың осы
С. арқылы күрделі түрде бейнеле-
нуі. Адамның С.-лы әрекеті табиғат
пен айналадағы нәрселерге ықпал
етіп, еңбек әрекеті арқылы өзінің
негізгі қажеттілігі мен мұқтажын
қанағаттандырады. С.
деп шынайы
дүниенің бейнесі ретінде, тек адам-
ға ғана тән және олардың еңбек
ету үрдісінде дамитын психиканың
жоғары формасын атайды. С. психи-
ка дамуының ең жоғарғы сатысы,
материя дамуының белгілі бір саты-
сында пайда болған қасиеті. С. ең
көлемді қалыпқа келген және жоғары
деңгейде кемелденіп жетілген мидың
қызметі, материялық дүниенің жетіл-
ген бейнесі. С- психиканың адамға
ғана тән ең жоғары сатысы,
объек-
тивтік болмыстың адам миындағы
бейнесі.
Бейнелеу теориясы негізінде адам
дүниетанымының пайымдау мен се-
зіп білуден абстрактілі ойлауға, одан
тәжірибеге көшіп отыруы – ақиқат-
ты, объективтік шындықты танып
білудің үнемі дамып, күрделеніп
отыратын диалектикалық жолы. Бар-
лық дерлік психикалық үрдістер
өзара байланысты болғандықтан,
С. біртұтас құбылыс деп саналады.
Адам санасының өрістеуі мен жеті-
луі білімді меңгеріп,
оны дамыту,
өзінің практикалық іс-тәжірибеле-
рін өрістету арқылы белгілі жүйе-
мен зерттеліп отырады. Адам С-ның
дамып жетілуі ұзақ дәуірде эволю-
циялық жолмен дамып қалыптасқан
тарихи үрдіс. С.-ның қоғамдық сипа-
ты мен дара адамның санасы жеке-
леп іздестіріледі. С. әлеуметтік да-
мумен, еңбек үрдісінің жетілуіне ты-
ғыз байланысты. Экономикалық (өн-
дірістік) қатынастарының өзгеруіне
ілесе, адамның санасы да өзгереді.
С.-ның дамуы сыртқы ортадан тә-
уелді болып отырады дейтін түсінік-
ті ғылымда детерминистік принцип
деп атайды.
Объективті себептіліктің зандылық-
тарымен нәрселердің шығу тегін тү-
сіндіретін принцип.
Себептілік дү-
ниенің
заттары мен құбылыстары-
ның өзара байланыстарының шексіз
тізбегін, жан-жақты өзара әрекетті
сипаттайды. Адам табиғаттың туын-
дысы, ондағы себептіліктің жемісі.
Ол дүниенің сырларын біртіндеп
ашып, оны шама-шарқынша өзгертіп
отыратын белсенді тұлға. Адам сырт-
қы дүниемен байланыса отыра, оны
біртіндеп тани береді, сөйтіп өзінің
санасын дамытады, оның ешбір ру-
хани қасиеті туыстан ғана пайда
болмайды.
Болмыс пен шындықтың
бейнесін адам тіл арқылы, сөйлеуі
арқылы бейнелеп, оның мән-жайын
танып біледі. С. – әлеуметтік тірші-
лік иесі ретіндегі адамның рухани
белсенділігінің ең жоғары деңгейі.
Бұл белсенділікке тән ерекшелік –
шындық болмысты сезімдік және
ойша бейнелер нысанында бейнелеу
адамның практикалық іс-әрекетінен
бұрын болады және осы іс-әрекетке
мақсатқа лайықтылық сипат береді.
Объективтік дүние, адамға әсер етіп,
елестеулер, түсініктер,
ойлар және
сана мазмұнын құрайтын басқа да
рухани феномендер түрінде бейне-
ленеді және мәдениет өнімдерінде
таңбаланады. Психологияда С. өзін
қоршаған болмыстан ерекшелейді,
бұл болмысты мақсаткерлік іс-әре-
кеттің реттеушісі қызметін атқара-
Достарыңызбен бөлісу: