523
қанда, қан жолы жүйесінің құрылы-
сына, зат алмасуға, ішкі секреция без-
деріне т.б.
байланысты деген пікір-
лер де тарады.
Неміс философы И.Кант (1724-1804)
өзінің «Антропология» деген еңбегін-
де темпераменттің төрт түрі туралы
толық психологиялық сипаттама бер-
ді. Бірақ ол темперамент пен мінез
ұғымдарын бір-біріне балама ретін-
де (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.
Темперамент туралы теориялар XIX
ғасырдың аяқ
кезінде де кең өріс ал-
ды. Мәселен,
неміс анатомы Гейне
темпераменттердің түрліше болуы
жүйке жүйесінің тонусына байла-
нысты десе,
орыс антропологы Зе-
ланд ми қабықшасындағы молеку-
лярлық қозғалыстың жылдамдығы
мен біркелкілігіне байланысты деді.
Көрнекті орыс педагогы П.Ф.Лесгафт
(1837-1909)
темпераменттерді қан
сауыттарының жуандығы мен
кеңді-
гіне байланысты деп тұжырымдады.
Темпераменттердің физиологиялық
негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті
етіп түсіндірген академик И.П.Пав-
лов болды.
Жүйке жүйесінің типтері
деген
И.П.Павловтың
ілімі темперамент
туралы түсінікті ғылыми сара жолға
түсірді.
Жүйке жүйесінің типтері ми қа-
бығындағы қозу, тежелу процес-
терінің үш негізгі белгісінің (күші,
тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиын-
тығынан құрастырылады.
Жүйке процестерінің күшіне – ми қа-
бығының
жұмыс істеу қабілеттілігі,
яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркен-
діргіштеріне мидың төзімділігі жа-
тады.
Жүйке процестерінің тепе-
теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-
біріне тең келуін айтады.
Жүйке процестерінің қозғалғышты-
ғы деп олардың бірінің екіншісіне ал-
маса алу қабілеттілігін айтады.
Осы
принципті негізге ала отырып,
И.П.Павлов жүйке жүйесінің төмен-
дегі түрлерін ажыратады.
Жүйке жүйесінің әрбір типінің үш
белгісі болады. Мәселен, күшті
типтердің бірі –
ұстамсыз тип. Ұс-
тамсыз тип
–
жұмыс істеу қабілеті
күшті, қозу, тежелу процестері бір-
бірімен сәйкес келмейтін
(қозуы ыл-
Жүйке жүйесінің типтері
күшті
әлсіз тип
күшті
қозуы тежелуінен басым
(ұстамсыз тип)
күшті
қозуы
мен тежелуі тең
(ширақ тип)
күшті
қозуы мен тежелуі тең
(баяу тип)
Достарыңызбен бөлісу: