526
бөліп көрсетуге мүмкіншілік берді.
1) Лептосоматик – нәзік дене құры-
лысымен, биік бойымен, тегіс кел-
ген омырауымен сипатталады (тар
иықты, қол-аяқтары ұзын және жү-
деу келеді); 2) Пикник – өте толық
келген, орта және шағын бойымен,
үлкен ішімен және қысқа мойынды
дөңгелек басымен сипатталады; 3)Ат-
летик – күшті дамыған бұлшық еті-
мен, мықты дене бітімімен, ұзын
немесе орта бойлы, кең иықты, тар
жамбасымен ерекшеленетін адамдар;
4) Диспластик – дене бітімі ешқандай
түрсіз, дұрыс емес дене құрылымы-
мен ерекшеленетін адамдар. Бұл тип-
тегі адамдар дене бітімінің әртүрлі
түрін өзгерту арқылы сипатталады
(Мысалы, шамадан тыс бойы, про-
порционал емес дене бітімі). Жоға-
рыда аталған дене құрылымының
типтерімен қатар Кречмер 3 темпе-
раменттің түрін ерекше атады, оларды
ол шизотимик, иксотимик және цик-
лотимик. Шизотимик астеникалық
дене бітімі бар, ол тұйық, сезімнің
өзгеруіне бейім келетін қасарыспа,
ұстанымы мен көзқарасын өзгертуге
бейім емес, қоршаған ортаға өте қиын
бейімделетін тип.
Бұдан иксотимиктің айырмашылы-
ғы атлетикалық дене бітімімен ерек-
шеленеді. Бұл салмақты, көңіл күйі аз
өзгеретін, бет пішіні, дене қозғалысы
ұстамды, ойлаудың икемділігімен
ерекшеленетін адам. Циклотимик
пикникалық дене бітімі бар, оның
эмоциясы қуаныш пен қайғының
арасында, ол адамдармен жақсы қа-
рым-қатынас жасайды және мұндай
түсінікте реалистік бағыт басым.
Шетел психологиясында (Кречмер,
Шелдон) темперамент жүйке жүйесі-
нің жалпы типінің физиологиялық
негіздеріне, сонымен қатар ағзаның
жалпы бітіміне, оның сыртқы кө-
рінісі болып табылатын денесінің
құрылымына, олардың бөліктерінің
арақатынасына байланысты деген
теория кең өріс алды. Осы тұрғыдан
алып қарағаңда, дененің кұрылысы,
темпераменттің қасиеттері бір ғана
жалпы себепке – ішкі секреция без-
дерінің қызметіндегі тұқым қуалау
ерекшелігіне тәуелді болып табыла-
ды. Сондықтан да осындай теориялар
темпераменттің гармоналдік теория-
лары деп аталады. Бұл теориялар
темперамент мәселелерін біржақты
түсіндіреді. Гармоналдік теориялар
біржақты ішкі секреция бездерінің
рөлін асыра бағалайды.
И.П.Павлов жүйке жүйесінің жалпы
типін генотип деп атады, демек, тұ-
қым қуалайтын тип жүйке жүйесінің
типі – бұл жүйке жүйесінің табиғи,
туа біткен қасиеті, бірақ, өмір және
іс-әрекет жағдайымен өзгеруі мүм-
кін. Жүйке жүйесінің типі адамның
мінез-құлқына ерекшелік береді.
Адамның барлық келбетіне өзінше із
қалдырады.
Темперамент негізіне жүйке жүйе-
сінің тұқым арқылы берілген типі
жатады. Темперамент типінің қа-
лыптасуында тұқым қуалау негізгі
рөл атқарады. Осы қағида бірдей
тұқым қуалау физиологиялық қа-
сиеттері, темпераменттің қасиеттері
ұқсастықтары бір жұмыртқалы егіз-
дерде әртүрлі жұмыртқалы егіздерге
қарағанда біршама артық, оларда
бұл физиологиялық қасиеттер бірдей
еместігі айқын дәлелденді. Сол сияқ-
ты, егер әртүрлі отбасы тәрбиеге ал-
ған бір жұмыртқалы (гомозиготтық)
Достарыңызбен бөлісу: