Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет552/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   548   549   550   551   552   553   554   555   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ТВОР
ТЕЖЕ


521
жасушалардың енжар жағдайымен 
немесе сарқылуымен теңдестірді. 
Қазіргі уақытта жасушалық белсен-
діліктің тежелуінің әртүрлі екі әдісі 
анықталды; тежелу не ерекше те-
жеу құрылымдарының белсенділігі 
артуының нәтижесі болуы мүмкін, не
Т. жасушасының алдын ала қозуы-
ның салдары ретінде пайда болуы 
ықтимал.
ТЕЖЕЛУ ТҮРЛЕРІ. 
И.П.Павлов 
шартты рефлекстердің табиғатын 
зерттеу үстінде тежелулердің бірне-
ше түрін анықтады. Ол ең алдымен 
тежелуді сыртқы, шартсыз (яғни, 
туғаннан пайда болатын) және ішкі, 
шартты (өмірде жасалып отыратын) 
деп екі үлкен топка бөлді.
Сыртқы тежелудің өзі бірнешеге бө-
лінеді. Соның бірі – жай тежелу. Егер 
шартты рефлекс жасалып жатқан 
бөлмеге жаңадан бір тітіркендіргіш 
қосылса, (мәселен, бөлмеге бөтен 
кісінің кіруі), онда ит сілекей бөлуді 
тоқтатады, яғни жаңа тітіркендіргіш 
шартты рефлекстің пайда болуына 
бөгет жасап, оны тежеп тастайды.
Тежелудің бұл түрі организмнің өмі-
рі үшін аса маңызды. Егер организм 
сыртқы дүниедегі сан алуан тітіркен-
діргіштерді сезе алмаса, ол жауынан 
қорғана алмас еді, тамағын тауып жей 
де алмас еді.
Сыртқы тежелудің екінші түрі шек-
тен тыс тежелу деп аталады. Ми қа-
бығының жұмыс істеу қабілетінің 
белгілі шегі бар, Егер миға үнемі күш-
ті тітіркендіргіштер әсер ете беретін 
болса, жүйке клеткаларының тәртіп-
пен біркелкі жұмыс істеуіне нұқсан 
келуі мүмкін. Мидың шаршаған ке-
зінде пайда болып, оны апаттан сақтап 
қалатын тежелудің осындай түріп кей-
де қорғаныс тежелуі деп те атайды.
Ішкі тежелу бірнеше. Солардың бірі 
сөне тежелу. Егер шартты тітіркен-
діргіш, (мысалы, қоңырау) бірнеше 
рет беріліп, бірақ шартсыэ тітіркен-
діргішпен (тамақ) нығайтылмаса, он-
да шартты рефлекс жасалынбай, ол 
сөне бастайды, яғни байланыс уа-
қытша тежеледі. Бірнеше уақыттан 
кейін тағы да қоңырау соғылса, шарт-
ты рефлексте қайтадан көрінеді. Бұл
шартты байланыстың бұзылмаған-
дығын, тек уақытша тежелгенін көр-
сетеді. Мұндай тежелулердің пайда-
сы организмге бір жағдайда қажетсіз 
болған рефлекстерді уақытша өшіріп 
отыратындығында.
Ішкі тежелудің бір түрі ажырату
(дифферендиациялық) тежелуі. Бұл
организмнің түрлі заттар мен құбы-
лыстардың арасындағы ұқсастық-
тарды айыра білу қабілетін көрсе-
теді. Мысалы, итке шартты реф-
лекс жасауда метроном арқылы 96 
рет соққанда тамақ бермей, әр 100 
соққанда ғана тамақ беріп отырса, 
кейіннен сілекей тек метроном 100 
рет соққанда ғана шыға бастайтын
болады. Тежелудің осы түрінің ор-
ганизмнің тіршілігі үшін маңызы 
айтарлықтай. Осындай тежелулердің 
жәрдемімен организм бір-біріне 
өте ұқсас тітіркендіргіштерді де тез
ажырата алады.
Ішкі тежелу сондай-ақ кешігу, ұйқы 
тежелуі болып та тармақталады. Те-
желудің түрлерін сөз еткенде сыртқы 
тежелулердің орталық жүйке жүйе-
сінің кез келген бөліктерінде пайда 
болатыны, ал ішкі тежелулер тек ми 
қабығына тән құбылыс екендігі естен 
шықпау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   548   549   550   551   552   553   554   555   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет