518
кінәсіне лайықталып берілуі қажет.
Екіншіден,
жаза әр уақытта оқушы
санасында із қалдырып, оны жақсы
жолға итермелейтіндей етіп беріле-
тін болсын. Үшіншіден,
жаза жеңіл
түрден ауырға қарай, әр бұзақылық-
тың өзіндік ерекшелігіне қарай қол-
данылуы қажет. Төртіншіден, шә-
кірттің теріс қылығының ақ-қарасы
нақты тексеріліп,
оның бұрыннан
белгілі ерекшеліктері (білімі, қабіле-
ті, жалпы мінез-құлқы, т.б.) ескерті-
ліп отырылсын. Бесіншіден, мұғалім
бұл шараны аса байсалдылықпен,
оның жеке басын тәлкек етпейтін (он-
дай жағдайлар да кездесіп отырады)
формада ұйымдастырылғаны абзал.
Тәрбие тәсілдері мен тетіктерінің
осы айтылғаннан басқа да сан алуан
түрлері болатыны – әркез ұстаз бен
шәкірттің есінде болуы тиіс.
ТӘРБИЕДЕГІ СЕНІМ
–
тәрбиеші
мен тәрбиеленушінің кәміл сыйлас-
тыққа, шын сенімге негізделген қа-
рым-қатынасы. Өз
тәрбиеленушіле-
рінде жағымды белгі болғанда тәр-
биеші
сенім білдірсе, олар сенімді
ақтауға тырысып, өзін-өзі тәрбие-
леуге ұмтылады. Тәрбиелей оқыту –
1) оқушының білімі,
білігі және
дағдысымен бірге оның дүниеге
көзқарасын, мінез-құлқын, еркін, та-
ным қабілеттерін
және басқа да қа-
сиеттерін қалыптастыру; 2) оқушы-
лардың қоршаған ортаға,
бір-бірі-
не деген эмоциялық қатынастарын
қалыптастыру. Оқыту принциптерінің
бірі. Бұл терминді педагогикаға неміс
философы, психологі және педагогі
И. Ф
.
Гербарт ( 1776-1841) енгізді.
ТӘРБИЕЛІК ЖАҒДАЯТ
– шәкірт-
тердің оқудан тыс іс-әрекеттерінің
көрінісі. Т.ж.
шәкірттердің оқудан
тыс әрекеттерінің арнайы ұйымдас-
тырылуын да қамтиды. Т.ж. – бала-
ны дамытуға, яғни оның өзін-өзі тәр-
биелеуіне, өздігінен білімін жетілді-
руге бағытталған қарым-қатынас.
Т.ж. – адамзат тәжірибесінің алма-
суы мен меңгерілуі, пайдаланылуы.
Тәрбиенің нәтижелілігі – іс-шаралар-
ды дұрыс
ұйымдастыру мен атқару
арқылы жүзеге асады. Т.ж. – тұлға
үшін маңызды сапалар және қасиет-
тердің әлеуметтік қалыптасуының
өлшемі, тәрбиелеуші үрдістің нәти-
жесін сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: