Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет548/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   544   545   546   547   548   549   550   551   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ТӘРБ
ТӘРБ


517
сөздермен тұжырымдалып, оның 
орындалу жолын шәкірт жақсы тү-
сінсе ғана нәтижелі болып орында-
лады, үшіншіден, талап барынша 
байсалдылықпен, оқушының ар ож-
данын сыйлау жағдайында қойылға-
ны жөн.
Ең негізгісі – оның орындалғаны жө-
нінде адамнан есеп алуды ұмытып
кетпеу керек. Осы айтылғандарды ре-
тіне қарай жүзеге асырып отыру тә-
лімгерлік шеберлік пен ұстаздық так-
тіні қажет етеді. Шәкірт тәрбиесінде 
кісінің қол жеткен табыстарын уа-
қытында көре біліп, оны ретімен ма-
дақтап отырудың да маңызы зор. Мұ-
ның ең қарапайым түрі – мақұлдау. 
Егер шәкірттің іс-әрекеті әркез ма-
құлданып отырса, ол еңбек етуге онан 
сайын ынталана түседі. Мәселен, «бә-
рекелді», «дұрыс», «жақсы», «тама-
ша», «мынауыңнан нәтиже шығады», 
т.б. осы секілді сөздер оның жігеріне 
жігер қосып, үлкен демеу болады.
Оқушының әрбір ісіне әділ баға бе-
ріп отыру ұстаздың беделін онан са-
йын арттыра түседі. Шәкірттерді ай-
қай-ұйқаймен басқарғысы келетін 
мұғалімдер көп сөйлейді, кісіні ығыр 
қылатын сөзді шәкірт жаратпайды,
ол «ұстазының» қай сөзін тыңдарын 
білмей, басы қатады. Ұстаз шәкірттің 
теріс істері мен қылықтарын дер ке-
зінде көре біліп, ретті жерінде оған 
түрлі жазалау шараларын да қолда-
нып отырғаны дұрыс. Жазалаудағы 
негізгі мақсат – теріс жолға түскен ба-
ланы қайтадан жақсы қасиеттерге бой 
ұсындыру. Мұның мәні де осында.
Жазалауды да мадақтау сияқты аса 
ептілік, ерекше байсалдылықпен пай-
далану қажет.
Тіпті төменгі сынып оқушыларының
да өздерінің тәртіпсіз істерінен ұя-
латын, жапа шегіп, қапаланатын кез-
дері болады. Адамның кінәсі үшін
әділ жазалау кісіні қатты ойланды-
рып, бұл оның мінез-құлқын түзете 
бастауға себепші болады.
Шәкірт нақты кінәсіне сәйкес жа-
заланғанда ғана босқа зәбірленбей, 
қолайлы көніл-күйін басынан кеші-
реді. Егер ол теріс жазғырылса бұл 
оның тәрбиесіне кері әсерін тигізеді.
Егер мұндай жағдай қайталана бер-
се ол әділеттік, шындық деген ұғым-
ға жөнді мән бермейтін, тіпті пыс-
қырып та қарамайтын болады. Орын-
сыз жаза оны ашушаң, ызақор, кек-
шіл, қасарыспа, не қорқақ, жігерсіз, 
әр нәрсеге селсоқ қарайтын күйге 
түсіруі де мүмкін. Кейде оқушының 
теріс қылықтарын көре-тұра оны 
жазаламаудың да кесір-кесапаты аз
болмайды. Шәкірт оқыс қылықтар-
ды кейде әдейі жасамай, оны бала-
лығымен, білместік, аңғарымсызды-
ғынан да жасайды. Ал, енді бір 
оқушы мұны орынсыз батылдығы 
мен сотқарлығына, қасарыспалығына 
қарай істейді. Мәселен, бір бала те-
резенің желдеткішін ашамын деп 
оның әйнегін сындырып алса, екін-
ші бала оны жолдасымен алысып 
жүріп сындырады. Бұл жерде осы екі 
балаға бірдей шара қолдануға бол-
майтыны белгілі. Өйткені, екеуінің 
кінәсі екі түрлі, сондықтан екеуіне
екі түрлі жаза ойлап табу қажет.
Шара қолдану мәселенің түпкі себе-
бін іздеуден басталуы қажет. Өйтке-
ні, әр уақытта да себепсіз ештеңе 
болмайды. Сондай-ақ кісінің теріс 
қылықтарын айыптап тиісті жаза 
қолданып отыру белгілі талаптарға 
сәйкес жүрізілуі тиіс. Бұлардың кей-
бірі мына төмендегілер: біріншіден, 
жазалау әр уақытта әділ, адамның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   544   545   546   547   548   549   550   551   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет