515
психологиясы» туралы «Жеке адам-
ға» арналған
тарау ішінде баяндал-
ған. «Дағды мен әдеттің» психоло-
гиялық астарлары туралы мәлімет
қазіргі кітаптардағыдай «Іс-әрекет
психологиясы» атты тарауда беріл-
мей,
өз алдына жеке тақырып ре-
тінде берілгені автордың өзіндік ғы-
лыми позициясының сонылығын
байқатады.
Бірақ осы айтылғандар психология-
лық категорияларды ұғынып, түсі-
нуге
онша кедергі келтірмейді, өйт-
кені ғылымның іргетасты мәселелері
кітаптан толық орын алғаны белгілі.
Бір есте боларлық жәйт, психология-
дан түрлі ұлт тілдерінде жарық көр-
ген оқу құралдары мен оқулықтар-
дың негізгі құрылымы соңғы елу
жыл ішінде онша өзгеріске түсе қой-
ған жоқ. Психология дәрісі де көп уа-
қыт бойына өзгеріске түсе қоймай-
тын математика, физика, лингвисти-
ка секілді дәстүрлі классикалық пән-
дермен үндес
екендігі есте болғаны
абзал. Әрине, кітапта психологияның
40-шы жылдардағы қазақша бала-
маларының бірен-сараны қазірде
өзгеріске түскенін оқырман ескере-
тін жайт екені белгілі. Т.Тәжібаев
еңбектерінің
біразы халқымыздың
ғұлама перзенттері Шоқан Уәлиха-
нов, Ыбырай Алтынсарин, Абай
Құнанбаевтардың психологиялық
және
педагогикалық көзқарастарын
зерттеуге арналған. Әсіресе, Абайдың
психологиялық көзқарастарын көп
жылдар бойына сарыла зерттеп, бір-
неше еңбектер жазды.
Абайдың саяси-әлеуметтік, пәлсәпа-
лық көзқарасына жан-жақты талдау
жасай келіп, оның психологиялық
ойлары
мен пайымдауларына кең
тоқталады. Ғалымның тұжырым-
дауынша Абай тек асқан кемеңгер,
ойшыл-ақын ғана емес, ол
сонымен
бірге қазақтан шыққан ірі философ,
психологиялық білімдер жүйесін на-
сихаттаумен айналысқан. Байырғы
қазақ тілінің сарқылмас бұлағынан
сусындай отырып, Абай ұлттық пси-
хологиялық ұғымдардың негізін қа-
лады. Ол қазақтың жазба әдеби тілі-
нің негізін қалаумен шектелмей, со-
нымен қатар ұлттық психологиялық
білімдер саласына қатысы бар ұғым,
түсініктерді саралап түсіндірген еді.
Бар өмірін туған халқының игілігіне
сарп
еткен Тәжібаев еңбектерінің
қазіргі жас буынға ғылыми-тәлімдік
тағылымы аз болмаса керек.
Достарыңызбен бөлісу: