512
өкілдерінің барлық қуат-қабілеттері-
нің бірдей шарықтайтын кездері бо-
лады.
Мұндайда олардың санасы
барынша өткірленіп, мейлінше ай-
қындалады, байқағыштағы онан
сайын арта түседі,
жазатын нәрсесі
мұқият әрі тез дайындалумен қабат,
іште жетіліп піседі.
Бұл – адам талантының шарықтауы-
ның тамаша бір көрінісі. М.Әуезов
«Абай жолының» кейінгі үш кітабын
машинкаға жатқа айтып бастырған.
Тек зор талантты адамның ғана осын-
дай «керемет» қасиеттері болады.
Жазушы Ә. Нұрпейісов Мұхтардың
талант ерекшелігін былайша сипат-
тайды:
Бірде үйіне бардым. Кабине-
тінің есігі ашық қалыпты. Мұқаң
«Ақын аға» аталған үшінші кітап-
ты жатқа айтып тұр... Оның жү-
рексіне, толқи шығатын қоңыр да-
уысы шалқар шабыт тұсында шал-
қи төгілген аса білімді, көл-көсір кө-
ріністерді, адам жанын аламан-асыр
қылатын ащы-тәтті шындықтарды,
өлмес-өшпес көркем сөзге айналды-
рып жатты. Дес бермей бара жат-
қан ой тасқынын іріккісі келгендей
ара-тұра бір жөтеліп алады да,
қайтадан сөз маржанын толас-
сыз тоғыта береді.
1
Осы
сәт бізге
үлкен талант иелерінің шығармала-
ры оп-оңай өзінен-өзі жазыла сала-
тындай етіп көрсетуі мүмкін. Ал,
шындығында бұлар «инемен құдық
қазғандай» еңбектенеді.
Аты-шулы
ақын-жазушылардың, ғалымдардың
қолжазбаларын көрсек, олардың бір
жазғанын қайта-қайта өңдейтінін,
сан рет көшіріп жазатынын, бір сөз-
бен айтқанда, қажымай-талмай, ерен
еңбек ететіндігін байқатады. Т. деп
қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе та-
бысты, дербес түрде шешілуіне жағ-
дай жасайтын аса үздік қабілеттілік-
тердің ұштасуын атайды.
ТАЛҒАМ
– жеке адамның немесе
әлеуметтік
топтардың көркем шы-
ғарманы, сұлулықты кейіпсіздіктен
ажырата білу қабілеті. Талғам – эсте-
тикалық сананың саласы. Өмірдегі
сұлулықты, табиғат көріністерін, ең-
бек пен әлеуметтік қарым-қатынаста-
ғы, жеке адам бойындағы әсемдік
көріністерді бағалай,
қабылдай білу
қасиетін талғампаздық қасиет деп
бағалайды. Талғам адамның дүниеге,
қоршаған ортаға деген көзқарасын
білдіреді. Талғамға адамның көзқа-
расы мен білім деңгейі, өскен ортасы-
нан жеке тәжірибесі елеулі әсер етеді.
Мәселен,
кейбіреулердің сәнқойлы-
ғы, модаға әуестігі, ала-құла қызға
қарап күйінуі (жұрт оларды стиля-
га деп атайды),
талғамы дұрыс қа-
лыптасқан адам деп айту қиын. Өйт-
кені жақсы талғам, жүйелі жақсы
тәрбиенің нәтижесі.
ТАНУ
– естің бұрынғы қабылдаған-
дарға кезіккенде (кездескенде) кө-
рінетін қайта жаңғыртудағы қарапа-
йым түрі. Т. қабылдау дәрежесіне орай
түрліше болады. Мысалы, кейбіреу-
лер бұрынғы көргенін бірден айны-
тпай таниды,
еңді біреулер тіптен
тани алмай қиналады. Т. ұқсатумен
де байланысты. Мысалы, адам бір
жерге келгенде, бұрын көрген сондай
бір жерді есіне түсіріп, айналадағы
нәрселерді соған ұқсатады.
Достарыңызбен бөлісу: