СЫДЫҚОВ ӘМІРЖАН (1898-1984) .
Бұрынғы Семей облысы Бесқарағай
ауданында дүниеге келген. Ә.Сыды-
қов ұстаздық жолын сонау 1918 жы-
лы бастауыш мектеп мұғалімінен бас-
тады. 1924 жылы Мәскеудегі халық-
қа білім берудің орталық институ-
тын тамамдады. Оның тағылым ал-
ған ұстаздары А.Блонский, Н.К.Круп-
ская секілді аса көрнекті ғалым-пе-
дагогтар болды. Институтты бітірген-
нен кейін 1928 жылға дейін коммуна
мектебінде, жалпы білім беретін
орта мектептерде істеді. Сонан ке-
йін Семейдің губерниялық халыққа
білім беру бөлімінде меңгерушісі
болып қызмет атқарды. 1928-1943
жылдары Қазақ КСР оқу комисса-
риатында – әдіскер, ал 1943 жылы
өмірінің ақырына дейін педагоги-
калық ғылымдардың Ы.Алтынса-
рин атындағы ғылыми-зерттеу инс-
титутында ғылыми қызметкер, сек-
тор меңгерушісі, директордың орын-
басары, директоры болып істеді.
Ә.Сыдықов республикамызда педа-
гогика ғылымының дамуына зор
үлес қосты. Оның қазақ мектептері
үшін бағдарламалар мен оқулықтар,
әдістемелік құралдар жасаудағы ең-
бегі өлшеусіз.
Оның тұңғыш ғылыми мақалалары
«Темірқазық» (Мәскеу) және «Таң»
(Семей) журналында жарық көрді.
1920-1940 жылдары оның қаламынан
«Оқу, жазу туралы психология не
айтады?» (Жаңа мектеп, 1929, № 10);
«Баланың оқуға белсенділігі», «Оқу
тәрбие әдістері және бұл жөніндегі
бұрмалаушылықтарға қарсы күрес»,
(Қызылорда, 1933); «Дағды және
әдет» (Халық мұғалімі, 1947, №3) т.б.
мақалалар туындады. Ә.Сыдықов
республикадағы педагогикалық ой-
пікір тарихын тұңғыш зерттеушілер-
дің бірі. Оның «Ы.Алтынсариннің
педагогикалық идеялары мен ағар-
тушылық қызметі» (1949, 1966) атты
монографиясының орны ерекше.
Ә.Сыздықовтың сан-алуын ғылы-
ми-зерттеу еңбектері «Педагогика
сөздігінде», «Үлкен және педагоги-
калық энциклопедияларда» тағы да
басқа ұлт тіліндегі басылымдарда