Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет538/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   534   535   536   537   538   539   540   541   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

СУБСЕНСОРЛЫҚ ҚАБЫЛДАУ

Адам өз өмірінде көптеген әрекеттер 
үстінде заттарды, құбылыстарды бір-
бірімен салыстыруға, олардың си-
паттарын реттеп топтастыруға дағ-
дыланады. Адамның іске талапта-
нуы оянып, заттарды қабылдау жеті-
ле түсіп, байқағыштығы артады. 
Қабылдаудың осылай бірден-бірге
дамуы арқылы адам объектінің ерек-
ше қасиеттерін байқап қана қоймай, 
оның ұсақ бөлшектеріне назар ау-
дарып, оны жүйелеп қабылдауға әдет-
тенеді. Затты осылай қабылдау түрін 
С. қ. деп атайды.
СУБЪЕКТ – 
сыртқы ортаны білу
жолында түрлі айналысушы
 
адамның 
таным мен іс-әрекетпен белсенділі-
гімен бағыт-бағдарының иесі болып 
табылатын адамның индивид, тұлға, 
даралық секілді атауларының сино-
нимі. Субъект ұғымы психологиядан 
гөрі философия ғылымында жиі 
қолданылады. Алғаш рет осы термин-
ді қолданысқа енгізге Аристотель.
СУИЦИД
(ағылш. 
suicide – 
өзін-өзі 
өлтіру) – жан жүйесі қатты күйзелген 
күйде не психикалық аурудың сал-
дарынан адамның өзін-өзі қол жұм-
сау өлтіру әрекеті; психикасын жа-
ралайтын қиын жағдаяттардың ық-
палымен өмірден өтудің ұғынылған 
түрдегі актісі; мұндайда адамның 
өз өмірі ең қымбат құндылық мәнін 
СУБД
СУИЦ


508
жоғалтады. С.-тің себептері сан алу-
ан және олар субъекттің жекебастық
деформацияларымен, айналасында-
ғы жағдайды жанын жаралағанымен 
ғана байланысты болмай, түп-тамы-
ры қоғамның әлеуметтік-экономика-
лық және адамгершілік тұрғысынан 
ұйымдастырылуында да болуы мүм-
кін. Біздің елімізде және шетелдерде 
суицидке жол бермеу үшін арнаулы 
суицидологиялық қызметтер, «сенім 
телефондары» ұйымдастырылған.
СУРДОПСИХОЛОГИЯ
(
лат
. surdus– 
саңырау, күңгірт естілетін және ...ло-
гия) – арнаулы психологияның саңы-
рау сондай-ақ құлағының мүкісі бар 
адамдардың психикалық дамуын
жетілдіру мүмкіндіктерін зерттейтін
жантану саласы. С. құлағының мүкісі 
бар адамдардың сақау болуына жол 
бермеу амалдарын зерттейді, естіп 
қабылдаудың кемістігін көру арқы-
лы, дірілдік, түйсіктер және т.б. арқы-
лы алмастырудың компенсаторлық 
мүмкіндіктерін анықтайды, мұндай 
адамдардың танымдық қарекетінің 
ерекшеліктерін зерделейді, есіту 
түйсіктерінің болмауы немесе жете 
дамымауы жағдайында қалыптаса-
тын ойлаудың, жадтық және басқа да
психикалық процестердің ерекше-
ліктерін зерттейді. С.-ның мәліметте-
рін есепке алу – саңырау және құла-
ғы мүкіс балаларда оқыту мен тәр-
биелеуді, оларды өндірістік тұрғыда 
даярлау мен еңбекке орналастыруды 
ұйымдастырудың қажетті шарты бо-
лып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   534   535   536   537   538   539   540   541   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет