Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет535/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   531   532   533   534   535   536   537   538   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

СТАТ
СТИВ


505
налдық тәуелділікпен болжайды: 
S=К х і
n
мұнда, S – түйсіктің күші, 
і – әсер етіп тұрған стимулдың ша-
масы, және К мен n – константалар 
(тұрақтылар).
СТИГМЕРГИЯ
(грек. «еңбекке 
ынталандырамын») – адамның шы-
ғармашылық еңбек процесіне берілу 
феномені, адамның еңбекке өздігі-
нен ынталануы. С. жұмыстың өзі ең-
бек процесіне қатысушыны қамшы-
лап, еңбек ләззат алушылыққа айна-
латын кезде болады. С. басқаруда,
кадр саясатында, адам құрамымен 
жұмыста ертеден және табысты қол-
данылып келеді, барлық тәжірибелі 
саясатшылар, қоғам қайраткерлері, 
әртүрлі дәрежедегі басшылар оны 
шеберлікпен пайдаланады. Еңбек
процесіне қосылған адам С. әсеріне 
ұғына отырып бағынады. Адамзат
қоғамының дамуының әртүрлі ке-
зеңдеріндегі еңбек процестеріне жа-
салған көптеген зерттеулердің нәти-
желеріне қарап мынадай қорытынды 
жасауға болады: шебер басшылық 
жасалғандай жағдайда қызғылықты, 
шығармашылық жасампаздық жұ-
мыс қажеттілікке айналып, қана-
ғаттанушылық сезіміне бөлейді.
СТИМУЛ
(лат. 
stimilus – 
мал ай-
дайтын үшкір таяқ, піскіш) – 1) ин-
дивидтің психикалық күйлерінің 
динамикасын туындататын (реакция 
деп белгіленеді) және оған себептің 
салдарға қатынасындай қатынаста 
болатын әсер. Физиология мен пси-
хологияда «С» ұғымы тітіркеңдіру 
ұғымына теңдес. Бихевиоризмде 
стимул мен реакция арасындағы 
қатынастар механистік тұрғыда
ұғынылады: стимулға көбіне орта-
ның өзгерістері («сыртқы әсерлер»),
ал реакцияларға организмнің қоз-
ғалу жауаптары жатқызылады. Шын 
мәніңде психологиядағы стимул –
ниет, оның нәтижелілігі адамның 
психикасы, көзқарасы, сезімдері, 
көңіл күйі, мүдделері, талпыныстары
арқылы білінеді. С. бірқатар жағдай-
ларда түрткіге айнала алатын болса
да, түрткімен барабар емес;
2) тітіркендіргіштердің рецепторлар-
ға тікелей әсер етуі нәтижесінде 
сыртқы және ішкі мүшелерде қоз-
дыру тудыратын әсер. Ол қуаты әр-
түрлі тітіркенулер тудырады. С. қоз-
ғаушы, жандандырушы әсер. Тітір-
кендіргіштердің тікелей таным мү-
шелеріне (рецепторларға) әсер етуі 
нәтижесінде сыртқы және ішкі ағ-
заларға қоздыру тудыратын әсер. 
Оның қуаты әр алуан тітіркенулер 
тудырады.
СТРЕСС
– ағылшын сөзі, қаз. 
ша-
мадан тыс зорлану, қысым жасау 
деген мағынаны білдіреді. Стрестің 
физиологиялық негізі – американдық 
физиолог У.Кенонның (1871-1945) 
гомеостазис 
(бұл терминнің мәні – 
ішкі ағза қызметінің бір калыпты 
жағдайы дегенді білдіреді) 
туралы 
ілімі мен Канада ғалымы Г.Сельенің 
ағзаның сыртқы күшті тітіркен-
діргіштерге өздігінен икемділігін 
қорғануы жөніндегі зерттеуі. Мұн-
дай тітіркендіргіштердің ағзаға әсе-
рінің күштілігі сондай, олар адамның 
денесіне, жүйке жүйесіне, психика-
сына да күшті әсер етіп, сезімдік-
эмоциялық жағдайын шиеленістіре-
ді. Стрестік жағдай адамның мінез-
қылығына да күшті әсер етіп, қалып-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   531   532   533   534   535   536   537   538   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет