503
дік стереотиптер тізбегі болып табы-
латын реактивті болуы мүмкін. Ішкі
себептерден ауызша С. кезінде онда
пайдаланылатын
тілдік құралдарды
ұғынықты іріктеу мен бағамдау өте
аз болады, ал жазбаша сөйлеуде жә-
не дайындалып ауызша сөйлеуде ол
елеулі орын алады. С.-дің түрлері
мен нысандары арнайы заңдылықтар
бойынша құрылады (мысалы, ауызша
сөйлесуде тілдің грамматикалық жү-
йесінде едәуір ауытқулар болады,
логикалық ойдан да гөрі көркемдік
сөз ерекше орын алады). Сөйлеуді
С. психологиясы ғана емес, соны-
мен қатар психолингвистика, С. фи-
зиологиясы, лингвистика, семиотика
және басқа ғылымдар да зерттейді.
СПОРТ ПСИХОЛОГИЯСЫ
– Дене
шынықтыру
және жаттығу әреке-
тіндегі адам психикасының түрлі
өзгерістермен қалыптасу зандылық-
тарын зерттейтін психология ғылы-
мының саласы. С.п.-ның қазіргі уа-
қыттағы негізгі міндеттері – спорт-
шылардың спорттық жоғары нәти-
желерге
жетуіне жағдай жасау ғана
емес, сонымен қатар спортшы тұлға-
сын жан-жақты дамыту, оның жал-
пы және психологиялық мәдениетін
көтеру болып табылады.
Спорттық жарыстардың алдында
спортсмендердің психикасын сол
үрдіске
бейімдеп жаттықтыру жә-
не бәсекелестік мәселесінен жеңім-
паз ететіндей нұсқалармен қару-
ландыру. Жарыс барысында өзін-
өзі билеп, басқара алатын дәрежеге
машықтандыру. С.п. – жарыс және
жаттығу
жағдайларында адам пси-
хикасының білінуі мен дамуының,
сондай-ақ топтық өзара әрекеттестік
заңдылықтарын зерттейтін психоло-
гия ғылымының бағыты.
Психологияның басқа да көптеген
бағыттары секілді С.п. XX ғасырдың
60-70-жылдарында қауырт дамыды;
бастапқыда бұл саладағы негізгі зерт-
теулер спортшылардың қабілеттері
мен мүмкіндіктерін, спорттық жат-
тығулардың
нәтижелілігін арттыру
амалдарын зерттеге жұмылдырыла-
ды. Қазіргі уақытта С.п. зерттейтін
мәселелер анағұрлым көбейді. Спорт-
тың әр түріне орай, жалпы, педаго-
гикалық, жастық және әлеуметтік
психологияның жетістіктері ескеріле
отырып арнаулы жаттығу кешендері-
нің бағдарламалары жасалуда. Олар
спортшылардың физикалық, сондай-
ақ психикалық жаттыққандығын,
эмоциялық – еріктік,
этикалық, мо-
ральдық-адамгершілік және ұжым-
дық дайындалғандығын кемелден-
діруге бағытталады. Спорт психоло-
гиясында қозғалыс дағдылары мен
біліктерін нәтижелі қалыптастыру-
дың заңдылықтары, күш,
төзімді-
лік, ептілік көрсеткіштерін жетіл-
дірудің әдістері біршама егжей-
тегжейлі зерттелген. Бұл зерттеу-
лерде спортшылардың арнаулы қа-
былдауларының, Мысалы, уақытты
сезіну,
аралық қашықтықты сезілу,
қас қағым сәттік оқиғаларды бол-
жау, «допты сезіну», «суды сезіну»
секілді қасиеттерінің қалыпасу жол-
дары мен әдістері анықталады.
Бұған қоса байқағыштықты, елесте-
туді, стратегиялық және тактикалық
ойлауды, топтық ойындарда үйлесім-
ді өзара әрекеттестікті жақсарту
әдістеріне назар аударылады. Бұл
зерттеулер спортшылардың әр жас-
тағы қабілеттерін және оларды ар-
Достарыңызбен бөлісу: