510
жарық көрді. Ол жөнінде бірнеше
әдістемелік еңбек жазды, педаго-
гика мен психология оқулықтары
(Б.М.Теплов пен профессор К.Н.Кор-
ниловтың) оның аударуымен жарық
көрді.
СЫПАЙЫЛЫҚ
(әдептілік, ізетті-
лік) – адамдарды сыйлау, қарым-қа-
тынас пен өзара қатынастың күнде-
лікті нормасы мен ережесіне айнал-
ған, айналадағылармен қарым-қаты-
нас жасаудың әдепті тәсілі болып
табылатын тұлғаның адамгершілік-
тік-психологиялық қасиетінің биік
шыңы.
СЫРТҚЫ СөЙЛЕУ
. Дыбыстап
сөйлеудің негізгі түрі ауызша және
жазбаша, актив, пассив түрінде
сөйлеу жатады. Ол диалог және мо-
нолог болып екіге бөлінеді. Диалог –
сөйлеудің ең жеңіл түрі де, монолог–
терең толғандыруды қажет ететін өте
күрделі түрі. Монологтық сөйлеуге –
мұғалімнің дәрісі, лектордың баянда-
масы, артистің сахнадағы сөзі және
т.б. жатады.
ТАБАНДЫЛЫҚ
– адамның ұнамды
ерік-жігер сапаларының бірі. Т. –
қиыншылықтар мен кедергілерге қа-
рамастан мақсатқа қалай да жетуге
бағытталған еріктік қасиет. Т. баланы
мектепке дейінгі жастан бастап-ақ
шамасы жететіндей тапсырмалар-
ды аяғына дейін орыңдай білуге,
өзінің мінез-құлқын алдағы нәтиже-
ге бағындыру, кейде тікелей, сол
сәттік ниеттілікке қарама-қарсы ка-
рекет жасауға дайын болып мақсат-
ты нәтижеге жетуге тәрбиелеу негі-
зінде жетіледі. Т. қасиеттерін кемел-
дендіруде, бұл тұрғыдағы тәрбиеде
мәнді мақсаттар және тапсырылған
іс үшін жауапкершілік пен борыш-
тылықты ұғынудың маңызды мәні
бар. Т. – көптеген ішкі-сыртқы қиын-
шылық пен кедергілерге қарамастан
алдына қойған мақсатына жетуден
көрінетін ерекшелік. Мұндай кісі
ылғи да қажымай-талмай әрекет
етіп, осы жолда кездесетін небір
ауыртпалыққа төзіп, оларды бірінен
соң бірін жеңіп, мақсатына жетіп
отырады. Осындай жағдайда оның
ерік-жігері бұрынғыдан да бетер
шыңдала, жетіле түседі. Бұған екі
Достарыңызбен бөлісу: