530
олардың еңбек қызметі процестері
ғылыми негізде құрылады.
ТОП
– әртүрлі әлеуметтік жіктеліс-
ке бөлінетін адамдар қауымдастығы-
ның атауы нышандар атқаратын қыз-
меттерінің сипаты, әлеуметтік не тап-
тық қатыстылығы, даму деңгейі және
т.б. болуы мүмкін. Т.-ты адамдардың
санына байланысты саралау:
үлкен,
шағын, кіші
топтар (диада, триада) деп
бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы
бойынша
ресми
және
бейресми,
өзара
байланысының тікелей не аралық
болуына қарай
нақты
және
шартты,
даму деңгейіне қарай даму деңгейі
төмен
(ассоциациялар, корпорациялар,
диффузиялық
топтар) және даму
деңгейі жоғары топтар
(ұжымдар),
мәнділгі жөнінен
референтті
және
мүшелік
топтар болады. Т.-тардың
шамасы, құрылымы мен құрамы
өздері сол үшін топтасқан іс-әрекеттің
мақсаттары мен міндеттеріне қарай
анықталады. Т. мүшелерінің бірлескен
қызметінің мазмұны топ ішіндегі ди-
намиканың барлық үрдістеріне се-
бепкер болады, бұлар: тұлғааралық
қатынастардың дамуы, серіктестері-
нің бір-бірін қабылдауы, топтық нор-
малар мен құндылықтардың, ынты-
мақтастық және өзара жауаптылық
нысандарының қалыптасуы. Өз ке-
зегінде топта қалыптасқан қатынас-
тар топтық іс-әрекеттердің нәти-
желілігіне әсер етеді.
Т.-тар, әдетте, әлеуметтік-психоло-
гиялық зерттеулердің объектісі бо-
лады. Бұл орайда, Т. ішінде дамитын
үрдістерде, сондай-ақ іс-әрекеттің
тұтас субъектісі ретінде басқа Т.-тар-
мен өзара әрекеттестік үрдісінде
әлеуметтік қатынастар жүйесіне
қамтылған Т.-тың өзі де зерттеледі.
Әлеуметтік Т.; бір топ оқушы; Топ-
талып оқу. Т. белгілі біріккен іс-әре-
кеттерімен сипатталатын адамдар
жиынтығы. Ішкі және сыртқы топтық
Достарыңызбен бөлісу: