211
бір ұшын тұйықтап, университет бітіріп, әрі қарай ұмтылып,
«жарқын болашағын» қуалап, қалада қалып, «ел қатарына»
қосылуды көздеген жүздеген (әлде тіпті мыңдаған) қазақ
жастарының барша тірлігі суреттеледі. Олар қалада тұратын
баспана іздеп, қаланың о шетінен бұ шетіне шығып жүрген
кезеңді – өткен ғасырдың 60-70-жылдарындағы өмір шындығын
жайып салады. Сол бір кезеңдегі қазақ зиялыларының бәрінің
дерлік басынан кешірер пәтерден пәтерге көшетін азапты
тірлік. «Біз қалада тұрамыз», «Неменеге жетісіп тұрып жа-
тырмыз?» деген ащы мысқылды автор әр хикая сайын білдіріп
отырады.
Шығарманың бұл орайдағы тілдік өрімінің әр тұсында,
әсіресе жас журналистің (кейіпкер-автордың) бес-алты жылдай
сергелдеңнен кейін екі бөлмелі «кең сарайға» қолы жетіп, сон-
да орналасқан алғашқы күндерін баяндаған микромәтіндерде
әжуа-сықақ (юмор) араласады, адамның сыртқы портреттері
беріледі, диалогтер кейіпкерлер бейнесін жасауға қатысады.
Шығармада екі желі қатар тартылған: жас журналистің үй
ішімен пәтерден пәтер жалдап көшіп жүруі – бір желі; пәтер
ауыстырған сайын «үйлерінен орын, көңілдерінен ықылас
бөлген жайсаң жандар» хикаясы – екінші желі. Олардың
әрқайсысы бір-бір романның басты кейіпкері болып көрінеді,
өйткені бұлардың әрқайсысының адами бейнесі, бастан кешкен
өмір соқпақтары суреттеуге тұрарлық. Осы жерде жазушының
негізгі мақсаты – ізгілік идеясы алға тартылады. Мұның
тілдік-стильдік құндағында көзге түсетіні – кейіпкерлердің
әрқайсысына автордың көзқарасы, өз бағасы беріліп (сезіліп)
отырады, кейіпкердің ішкі жан дүниесі, психологиясы,
адамгершілік қасиеттері суреттеледі.
Енді осы айтқандарымызды мысалдармен дәлелдеп көр-
сетелік.
Тұтас дүние (бір желіге тартылғандықтан) ретінде ұсы-
нылған хикаялардың, жоғарыда айттық, композициясы қызық,
айрықша: әр «пәтерші» (пәтер жалдаушы, пәтер иесі) және
оның кейбір отбасы мүшелері өз өмірлерін өздері баяндайды.
Біреулері өткендегі өмір белестері болып келеді, бұларды автор
«Әминат
айтқан:
Достарыңызбен бөлісу: