тұрмыстық ауызекі сөйлеу стилі деп бөледі. Көп-
шілікқолды немесе кітаби («кітаби» бұл жерде «жазба» деген-
нің синонимі деп танылатын сияқты) стильге 1) іс қағаздары,
2) көркем әдебиет, 3) публицистикалық шығармалар, 4) ғылы-
ми еңбектер тілін жатқызады.
Орыс тіл білімінде, теориялық негіздер жағынан оның ізімен
келе жатқан қазақ тіл білімінде мақсаттық стильдерді жіктеу-
дің біршама орныққан, яғни оқулықтарда ұсынылған дәстүрлі
үлгісі бар. Олар: публицистикалық, ресми-іс қағаздары, ғылы-
ми және көркем әдебиет стильдері. Бұл – «Прага мектебі»
ғалымдары мен Ш. Баллиден келе жатқан классификация, оны
кезінде Л.В.Щерба мен акад. В.В.Ви ноградов бастаған бірқатар
орыс тіл мамандарының қостағанын білеміз. Демек, біздер,
қазақ тіл білімпаздары, жаңалық ашып отырған жоқпыз.
Кейбір зерттеушілер бұл жіктеудің ішіне көркем әдебиет
стилін қоспайды. Мысалы, «Развитие функциональ ных сти-
лей современного русского языка» (М., 1968) де ген жинақта
көркем әдебиет тілі функционалдық стиль үлгісі қатарында сөз
етілмейді. В.Д. Левин, В.П. Мурат сияқты зерттеушілер көркем
әдебиетті мақсаттық стиль үлгісі деп санамайды. Ал көптеген
зерттеушілер (В.В.Ви ноградов, Р.А.Будагов, Л.В.Щерба,
А.И.Ефимов, Р.И.Гальперин, А.Н.Гвоздев, В.Г.Адмони, Е.М.Гал-
кина-Федорук, М.Н.Кожина т.б.) көркем әдебиет үлгілерін өз
алдына функционалдық стильге жатқызады. Бұлардың ішінде
акад. В.В.Виноградовтың классификациясы көңіл аударарлық.
Ғалым тілдің қызмет ету сипатын қарым-қатынас қызметі, ха-
барлау қызметі, әсер ету қызметі деп үшке бөлетінін жоғарыда
айттық. Осыған қарай зерттеуші тілдің енді қолданыстағы
мақсатты бөлінісін күнделікті (тұрмыстағы
)сөйлеу стилі (ол
қарым-қатынас жасау қызметін өтейді), іс
қағаздары, ресми құжаттар және ғы лыми
еңбектер стилі (ол хабарлау қызметін
атқарады