Р. Сыздык 6-том indd


ауызша және жазба- ша стиль деп бөлушілік бар. Оның үстіне  ауыз ша стиль мен



Pdf көрінісі
бет113/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

ауызша
және жазба-
ша стиль деп бөлушілік бар. Оның үстіне 
ауыз ша стиль мен 
ауызекі сөйлеу стилін
шатастырмау керек екендігі де айты-
лады. Біздіңше де, бұл таным дұрыс болар, өйткені ауызша 
функционалдық стиль – әдеби тілдің құзырындағы құбылыс, 
яғни ол – әдеби тілдің ауызша жұмсалу түрі, айталық, көпшілік 
алдында ауызша ұсынылатын сөздер – орысша «публичная
речь» дегенге жататындар: бұрынғы қазақ шешендерінің (би-
лердің) сөздері, қазіргі лекторлардың, жиын-жиналыстарда 
сөйлеушілердің, ауызша баяндама, хабарлама жасаушылар-
дың, мұғалімдер мен оқушы немесе студенттердің сабақ ба-
рысында айтылатын сөздері. Ал ауызекі сөйлеу тілі (орысша 
«разговорная речь») – күнделікті қарым-қатынас барысында 
ауызша қолданылатын тіл үлгісі, бұл – әдеби тілдің қарама-
қарсысында танылатын құбылыс, оның өз заңдылықтары бар.
Дегенмен мақсаттық стильдер көбіне-көп әдеби тілдің жаз-
ба түріне қатыстырыла сөз болады. Чех ғалымы Б.Гавранектің 
айтуынша, стиль проблемасы әдеби тіл және оның нормала-
ры туралы ұғымдармен байланысты болып келеді. Осының 
өзінде классификация біркелкі емес. Мы салы, Л.В.Щерба жаз-
ба тілдің әуелі екі түрге бөлініп жүргендігін айтады: 
көркем 
әдебиет тілі
және іс 
қағаздарының тілі.
Іс қағаздарына ға-
лым 
кеңсе тілін, заң-закондар тілін, ғылым тілін, хат-
хабарлар тілін
(эпистолярлық үлгілер тілін) жатқызады. 
«Бұлайша болу тіл мамандарынан басқалардың танымы», –
дейді. Гвоздев: «Функционалдық стильдерді әдебиеттің (жаз-
ба дүниенің) жанрына қарай бөлгенде, олар бір-бірінен айқын-
ырақ ажыратылады», – дей келіп, ол да жал пы мақсаттық стиль-
дерді кітаби немесе 
көпшілікке арналған
(публичный) тіл 


224
стилі және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет