236
әсіресе поэтикалық-эстетикалық жүк
арқалататындығы бұл
стильді өзгелерінен едәуір ерекшелендіріп, біздіңше, тіпті биік-
тетіп, оқшаулатып тұрады. Кейбір орыс тілі мамандарының
көркем әдебиетті функционалдық стильдер қатарына қос-
пайтын себептері де осы ерекшеліктерінен болар, яғни көркем
әдебиет тілінде кеңсе қағаздары мен ғылыми туындылар
тілдеріндегідей (стильдеріндей) біршама «тұйықтық» жоқ,
басқаша сөзбен айтқанда, оның тек қана өзіне тән, өзгелерге
көп ауыспайтын тілдік белгілері (элементтері) жоқ немесе аз,
көркем әдебиет – «көп қырлы» стиль. Бірақ оның эстетикалық-
көркемдік мақсатты өтеуі үшін де
тілдік құралдарды таңдап
жұмсау принциптері өзіне тән белгілерді құрай алады. Көркем
әдебиет тілінің поэтикалық сөз өрнегіне жиірек баруы оны өзге
стильдерден оқшаулап тұрады, ал поэтикалық сөз кестесі тілдік
құралдардың өзгеше орнын, өзгеше стильдік бояуын қажет
етеді. Тіпті көркем әдебиет өзге фунционалдық стильдердің
элементтерін пайдалана қалған күнде де оларды өз қызметінде
(мағынасында) емес, белгілі бір көркем сөзге тән стильдік бояу-
мен жұмсайды. Бірқатар зерттеушілер осындай ерекшеліктерін
ескере отырып, көркем әдебиет
тілін функционалдық стиль
деп атауды дұрыс деп тауып, орыс стилистикасы фактілері
арқылы
мейлінше дәлелдейді
46
.
Сондай-ақ жазба әдеби тілді екі түрге (формаға) бөліп,
біріне
көркем әдебиетті, екіншісіне – жазба дүниенің өзге-
лерін (орысша оны «деловой язык» деп бөліп тастайды
47
)
жатқызушылықтың да уәжі (мотиві), сірә, көркем әдебиет
стилінің осы айтылған қасиеттері болар. Бірақ бұл «қасиеті» –
тіпті де кемшілігі емес. Әсіресе «кемшілігінің» бірі – көркемдік
пен образдылық (бейнелілік) тек көркем әдебиетке ғана тән
емес, публицистикадан да, тіпті ғылыми әдебиеттен де табыла-
ды, бірақ бейнелілік пен көркемдік – соңғыларында оларға тән
белгі емес, қосымша «құралдар». Мысалы, ғылыми әдебиетте
автор айтылып жатқан әңгімеге өзінің
көзқарасын білдіретін
тұстарда көріктеу құралдарын, әсіресе образдылықты пайда-
ланады.
46
Кожина М.Н.
О понятии стиля и месте языка художественной ли тературы среди
функциональных стилей. - Пермь, 1962.
47
Щерба Л.В.
Избранные работы по русскому языку. - М., 1957. - С.
118.
237
Функционалдық стильді айқындауда тілдің әлеуметтік мүд-
дені көздеп жұмсалуы – негізгі принцип. Зерттеуші М.Н.Кожи-
на функционалдық стильдерді шығарманың жанрына я болма-
са экспрессиялық сипатына, сондай-ақ сөздің (ойдың) айтылу
түріне (ауызша не жазбаша) қарай ажырату лингвистикалық
ғылым тұрғысынан негізгі
прин цип бола алмайды дейді
48
,
Сондықтан көркем әдебиет стилін айқындайтын принциптерді
өзге тұстардан іздеу ке рек болар. Айталық, көркем әдебиеттің
коммуникативтік қызметіне үстелетін эстетикалық қызметі
оның функционалдық стилін танытатын белгілердің бірі бол-
мақ. Сірә, қай құбылысты да өзге ұқсас нәрселердің қарама-
қарсысында немесе фонында салыстыра қарағанда, оның
өзіне тән белгілері айқынырақ көрінбек.
Сол себептен орыс
тілінің көркем әдебиет стилі көбінесе ғылыми әдебиет
стилімен я болмаса публицистикалық стильдерімен салысты-
рыла зерттеліп жүр. Мысалы, М.Н.Кожина функционалдық
стильдер тұрғысынан қарағандағы көркем әдебиет пен ғылым
тілінің ерекшеліктерін сөз ету барысында жіктеу есімдіктері
мен қыстырма сөздердің екі стильдегі
қолданылу активтігін
сан жағынан есептеп көрсетеді. Айталық,
мен (я)
деген I
жақтық жіктеу есімдігі Менделеев пен Столетовтің 10000 сөзді
қамтитын текстерінде бірде-бір рет кездеспесе, Циолковскийде
9, Павловта 24 рет қана жұмсалыпты, ал Толстойда 75 рет, Тур-
геневте 104 рет, Чеховта 136 рет қолданылған екен. Қыстырма
сөздердің текст ішіндегі жиілігін анықтауда зерттеуші әрбір
1000 сөзі бар текст үзігін қарастырады. Сонда Менделеев
29 түрлі қыстырмаларды 107, Бутлеров 36 түрлі қыстырма
сөздерді 153 рет, Циолковский 30 түрлі қыстырма элементтерді
114
реттен қолданғаны байқалса, Л.Толстой бар болғаны 10
түрлі қыстырманы 16 рет қана, Тургенев 35 түрлі қыстырма
сөзді 58 рет, Чехов 25 түрлі қыстырма сөзді 44 рет жұмсағаны
анықталады
49
. Бұл фактілер неден хабар береді? Сөз жоқ, әр
стильге жататын әдебиет үлгілерінің жанрлық сипатына қарай
тілдік элементтерді тандау, кейбіреулерін ак тив қолдану сияқты
тұстарда сөз ерекшеліктері бар екенін көрсетеді: ғылыми
әдебиетте автор негізінен
Достарыңызбен бөлісу: