Р. Сыздык 6-том indd


дың/-дің  варианты, көсемшенің  - дейур



Pdf көрінісі
бет118/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

дың/-дің 
варианты, көсемшенің 
-
дейур
тұлғасы, 
еді, емес 
деген көмекші етістіктердің 
ерді, 
ермәс
болып келуі т.б.; 

жұрнағының орнына 
-ғу
тұлғасының 
(барғучы)
қолданылуы, түркілік емле тәртіптерінің орын алуы 
(сөз басында 
ж-
ның орнына 
й
-дің келуі, қазақша 
ш
дыбы-
сы мен келетін сөздердің 
ч
-мен жазылуы, қосымшалардың 
сингармонизм заңына бағындырылмай, бір вариантта жазы-
луы т.т.), 
уа, һәм, бірлән, білән, ләкин
сияқты шылаулардың, 
йоқса
(әйтпесе), 
емді
(еңді), 
һаммасы
(барлығы) сияқты 
сөздердің жиі қолданылуы, жеке сөздерден 
ошбу, нечук, оғул, 
сөзләштім,
есімдіктің 
алар/анлар, мәңе
сияқты тұлғалары 
т.б.; 3) орыс сөздерінің көп кездесетіндігі (әсіресе Шоқанның
,
Шормановтың, Ладыжинскийдің, Потаниннің хаттарында); 
4) жіктеу есімдіктері мен етістіктердің сыпайы тұлғаларының 
қолданылуы (мыса лы, Шоқан інісі – Жақыпқа 
сіз
деп жазады; 
5) арабша қыстырма сөздердің 
(иншалла, алхамдалла, уа филъ-
ахид 
сияқты) жиі кездесетіндігі.
Бірақ бұл стильдің тілдік негізі қазақтық болды.
Сондай-ақ қазақтар қолданған шежіре стилінің де өзіне 
тән белгілері болды және бұл стильдегі үлгілер тілі біркелкі 
болған жоқ. Бұдан бұрынғы еңбектерімізде қазақша жазбаша 
шежіре үлгілерін біз жартылай ғылыми стильге жатқызған 
едік. Онда негізінен XVI ғасырдың соңғы кезінде жазылған 
Қадырғали бидің (Жалайыридің) «Жами ат-тауарих» атты жыл-
намасын, сондай-ақ Құрбанғали Халиди, Ш.Құдайбердиев, 
Н.Наушабаев, Ақыт Ұлымжыұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Жан-
төрин, Ниязов, М.Тынышбаев қалдырған шежіре үлгілерді, 
соңғы жылдарда шежіре тақырыбына қалам тартқан кейбір 
ғалымдар (С.Толыбеков т. б.) пайдаланған жазбаларды көз-
деген болатынбыз. Бұл – шынында да, ғылыми (тарих ғылы-
мына) әдебиетке өте жақын тұрған – жазба үлгілер
40
. Ал шежі-
ренің қазақ қауымында ауызша таралғандығын да, көпшілігі-
нің құрылымы мен лексика-грамматикалық сипаты жағынан 
ерекшеленіп тұратындығын да ескеріп, жалпы әдеби тіліміздің 
ауызша да, жазбаша да түрінде ата-бабаларымыздың рулық-
40 
Сыздықова Р.
Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы, 1993. - 114-131-беттер.


232
тайпалық құрамдарымызды тарқататын үлгілерді өз алдына 
стильдік жүйе қатарында қарастыруға болар ма еді деп пікір 
ұсынып отырмыз. Бұл үлгілердің тілін стильдік белгілерін 
анықтап, жеке зерттеу ісі алдымызда тұр. Сөйтіп, қазақ 
әдеби тілін пайдаланған шежіре үлгілері жеке өз алдына 
функционалдық стиль құрай ма әлде ғылыми-публицистика-
лық стильдің бір тармағы бола ма – қайткен күнде де өзіндік 
тілдік-стильдік нышандары бар әдебиет екенін айтуға болады.
Ал XIX ғасырдың II жартысынан, әсіресе соңғы ширегінен 
бермен қарай қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің едәуір 
қалыптасып, дами түскені, оның функционалдық стильдері 
айқындала түскені мәлім. Ең соңғы ескертетін жайт: функ-
ционалдық стильдерді зерттеуде, сірә, мәселеге екі тұрғыдан 
келу керек болар: бірі – функционалдық стильдердің белгілі 
біреуіне тән тілдік элементтерді анықтау, яғни тіл құрал-
дарының белгілі бір функционалдық стильге жататын үлгілерге 
тән болып келуін зерттеу, екіншісі – тілдік элементтердің 
белгілі бір функционалдық стиль тезіне түсіп жұмсалуын тал-
дау. Функционалдық стилистика бойынша зерттеулердің дені 
тек қазақ тіл білімінде емес, өзгелерде де негізінен бірінші 
аспектіден жүргізіліп келеді, яғни талдаулар мен тұжырымдар 
«мынадай әдеби тілдің мынадай-мынадай функционалдық 
стильдері бар, олардың бір-бірінен айырым белгілері (не месе 
өзіне тән) мынадай-мынадай» деген сияқты әңгіме төңірегінде 
болып отыр. Ал тілдік элементтердің (мейлі олар бейтарап 
болсын немесе бір стильге тән болсын) белгілі мақсаттық 
стиль үлгісінің тілінде сол стильдің тезіне түсіп жұмсалу уәжі 
(мотиві), заңдылықтары (нормалары), активтігі т.б. жайында 
жүйелі түрде, яғни теориялық негізде зерттелмей отырғанын 
айту керек. Әрине, бұл жерде әнгіме жеке-жеке фактілер 
жайындағы ізденістер жөнінде емес (олар бар), тәртібімен кел-
ген тілдік құбылыстар (қолданыстар) туралы болуға тиіс.


233


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет