235
Көптеген зерттеушілер көркем әдебиет стилінің ішінде по-
эзия тілі мүлде ерекше орын алады деп санайды. Мұны біз де
әбден қостаймыз. Бұл тұжырымның дұрыс екендігін біз Абай
поэзиясының сөз өрнегін, яғни поэтикалық тілін зерттеген
еңбегімізде барынша дәлелдеп, нақты фактілермен көрсетуге
ұмтылдық
42
.
Орыс тіл білімінде әр функционалдық стиль жеке-жеке
монографиялық, диссертациялық еңбек түрінде әлдеқайда
кеңінен, терең жан-жақты зерттеліп келеді деуге бола-
ды. Ал қазақ тіл білімінде алғашқы қазақ газеттерінің тілін
(Б.Әбілқасымов
43
), совет дәуіріндегі қазақ баспасөзінің тілін
(С.Исаев
44
) зерттеген бірді-екілі монография болмаса, әрбір
стильге жеке-жеке арнап жазылған еңбектер немесе жинақтар
жоқтың қасында. «Қазақ тілінің стилистикасы» немесе «Сти-
листика мәселелері» атты кітаптарда зерттеу желісі жалпы
жайттарға тартылған болып келеді. Біздің бұл жұмысымыз
қазақ көркем әдебиеті функционалдық стиліне арналды. Оның
байырғы көздерін, қалыптасу кезеңдерін, өзге стильдермен
қарым-қатысын, алатын және тигізетін әсерін сөз еттік. Ол
үшін алдымен осы стиль жөніндегі және қазақ тіл біліміндегі
пікірлер мен тұжырымдарға талдау жасауға тура келді. Бізден
бұрынғы бірқатар зерттеушілер: қазақ тілінде көркем әдебиет
стилі ең басты, тарихи жағынан бұрын пайда болған, ол өзге
стильдердің элементтерін де пайдаланады, мұнда, әсіресе,
поэзияда әдеби нормалардан жөнді-жөнсіз ауытқулар жиі
ұшырайды деп жалпылама болса да, біршама дұрыс пікір ай-
тып келіп, осы себептерден көркем әдебиет тілі басқа стиль-
дерге өнеге үлгі бола бермейді, бұл көркем әдебиет стилінің
кемшілігі (?) деген сияқты жосықсыздау ой түйінін ұсынады
45
.
Зерттеушінің көркем әдебиет стилінің кемшілігі деп танып
отырғаны – бұл стильдің өзіне тән күшті ерекшелігі мен
айрықша белгісі. Көркем әдебиет дүниесі өзге стильдер мен
сөйлеу тілі элементтеріне де, ди алектизм, қарапайым сөз сияқты
«бейәдеби» құралдарға да еркін «ауыз сала алатындығы»,
42
Достарыңызбен бөлісу: