Р. Сыздык 6-том indd


жалпы әдеби тілдің құрылым-



Pdf көрінісі
бет132/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

жалпы әдеби тілдің құрылым- 
дық нормалары;
екіншісі – сол 
тілдің көркем әдебиетінің ұлттық норма-
лары.
Соңғы тұрғыда норма проблемасы қазақ тіл білімінде әлі 
мүлде сөз болмай келеді. Сондықтан, ең алдымен, «қазақтың 
ұлттық көркем сөз нормалары қандай?» деген мәселелерді 
анықтап алу керек.
Қай халықтың болмасын, сөз өнері ұлттық көркем тіл 
нормасының ең басты көрсеткіші болып танылады, ал сөз өнері 
көркем әдебиетте, оның поэзия, проза, драматургия, көркем 
публицистика жанрларында көрінеді
59
.
Көркем әдебиет, оның ішінде проза үлгілері қазақ жаз-
ба әдебиеті тілінің әрі қарай дамуында басты орын алды. 
Халықтың ұлт болып қалыптасу дәуірінде көркем әдебиет қоғам 
өмірін мейлінше кең қамтиды, сондықтан жалпыхалықтық 
тілдің бар байлығын молынан пайдаланады. Көркем әдебиет 
бұл кезеңде ұлттық тілдің қалыптасып, ілгерілеу процесінде 
зор ұйымдастырушы фактор болып шығады. Бұл құбылыс 
қазақтың ұлттық әдеби тілінің даму барысына да тән.
Көркем әдебиет тілінің негізі – жалпыхалықтық әдеби тіл. 
Бірақ бұл негізді сыртқы белгілерден іздемей, яғни пәлен
проценті – қазақ сөздері, морфологиялық түген тұлға-тәсіл-
59
Виноградов В. В.
Образование русокого национального литератур ного языка // 
Вопросы языкознания. - 1956. - №1. - С. 4.


257
дері – қыпшақ тобынікі деген сияқты санаққа жүгінбей, сол 
көркем әдебиет үлгілерінің (дәлірек айтсақ, олардың иелері
– жазушылардың) 
ұлттық тіл элементтеріне қалай қараға- 
нынан, қалай пайдаланғанынан
іздеу керек болады. Көркем 
әдебиет, әсіресе поэзия, бағалауыш эпитеттерді жаңадан 
ұсынуда бұрынғы жалпыхалықтық тілдегі модельдерді пай-
даланады: мысалы, теңеулерді өмір шындығынан, нақты зат, 
құбылыстардан алады. Сөз-символдарды жасауда да қазақтың 
төл элементтері пайдаланылады. Айталық, 
дала 
сөзі – қазақ 
поэзиясында, тіпті прозасында да бұрын да, қазір де туған 
жердің, қасиетті Отанының символы, ал 
қыран құс, тарлан, 
тарпаң
сөздері –еркіндіктің, 
бозінген
– мейірімнің, 
жезкиік
– 
сұлулықты аңсаудың, арманның символдары.
Көркем әдебиет – ұлттық қазына, өйткені мұнда ұлттық 
тілдің сөз байлығы мейлінше мол жұмсалады (қамтылады); 
синонимдер қорына көркем әдебиет жиі жүгінеді; көркем 
шығармада бір ұғымды бірнеше қырынан білдіру әрекеті ба-
сым; әр алуан ой мен сезімді білдіретін тілдік мүмкіндіктерді 
кеңінен пайдалану орын алуда. Осылардың баршасы дәстүрді 
қажет етеді, яғни әдеби тіл қазынасында мол әрі икемді фра-
зеология қоры мен әртүрлі тіркес түрлері (комбинациялары), 
нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жинақталады. Жазушы осы 
қазынаны пайдаланады, сол қазынаның үлгісінде жаңаларын 
жасайды, осы арқылы әдеби тілді толықтырады, оның сөз 
мәдениетін жетілдіре түседі. Ал бұл құбылыс жазушының тіл 
жасампаздығында дәстүрлі нормаға қайшы келмеуін, тілдің 
жалпы және стильдік зандылықтарымен үйлесім тауып отыру-
ын талап етеді.
Сөйтіп, «қазақ тілінің ұлттық көркем стилінің белгілері, 
яғни ұлттық көркем нормалары қандай?» дегенді анықтасақ, 
мыналарды айту керек болады. Орыс тіл білімінде, жоғарыда 
айтылғандай, көркем тілдің ұлттық ерекше белгілері жал-
пыұлттық (жалпыхалықтық) тілдің нормаларымен тығыз 
байланысты екендігі айтыла келіп, ол белгілер мыналар деп 
көрсетіледі: орыс тілінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет