диалектіге бөлінуден жоғары
тұрған (орыс-
ша айтқанда, наддиалектный характер) ортақтығы болса, бұл
сипатқа көркем проза бірден ие болды. XX ғ. 10-жылдарын-
61
Бұл жердегі «кітаби» деп отырғанымыз – өткен ғасырдың II жартысы мен XX
ғасырдың бас кезіндегі кейбір қазақ жазба дүниелерінің шағатай тілі элементтерін
мол қамтыған үлгілеріне теліп жүрген термин мағынасында емес, «кітаби тіл» деген
терминнің қазіргі өз мағынасында.
260
да жазылған көркем проза үлгілері Т.Жомартбаевтың «Қыз
көрелік», С.Көбеевтің «Қалың мал», Б.Майлиннің «Шұғаның
белгісі» атты әңгімелерінің тілін алсақ, бұларда қазақ жерінің
қай өлкесіне болса да, бейтаныс элементтер жоққа тән, қазақ
өлкесінің барлық жеріндегі оқырмандарға мейлінше түсінікті
деуге болады.
Қазақтың дәстүрлі поэзиясы мен жазба әдеби тіліне тән
екінші бір сипат –
бейнелілік
(образдылық) болса, жас қазақ
прозасы әуелден-ақ сөз мағынасын ауыстырып қолдану – ме-
тафоралауды кең пайдаланған. Метафоралау – образ жасай-
тын құралдардың қайнар көзі. Метафора затты (құбылысты,
іс-әрекетті) атамайды, сипаттайды. Метафоралаудың (метафо-
ризация) негізінде салыстыру мен теңеулер жатады. Бұлардың
алғашқы әңгіме, повестерде бірден орын алғаны көзге түседі.
Аллегория (астарлап атау), перифраза (затты, құбылысты,
іс-әрекетті суреттеп атау) сияқты сөздің образды-сипаттама
мүмкіншіліктерін, яғни сөздің ауыспалы-бейнелеуіш мағы-
насын кең және еркін пайдалану – қазақ көркем сөзінің ұлттық
басты белгілерінің бірі. Сірә, мұны «шығыстық мәнерлілік»
(шығыс халықтары әдебиетіне тән мәнерлеп сөйлеу, орысша
айтқанда, «восточная витиеватость») деп тануға, яғни оны,
айталық, араб, парсы, шағатай әдебиеттері дәстүрінен ауысқан
деуге болмайды. Бұл – ең алдымен, поэзия тіліне етене тәсіл.
Поэзия – образдардың көрінісі. Ал қазақ әдеби тілінің ұлттық
белгілерінің қалыптасуында жалпы поэзияның, оның ішінде
өте ертеден келе жатқан, ауызша тараған ақын-жыраулар
поэзиясының, бай ауыз әдебиетінің орны ерекше.
Образдылық – тек көркем әдебиет емес, қазақтың жалпы
сөйлеу тілінде де тән белгі. Бұл табиғат құбылыстарын, әсіресе
өзін қоршаған ортаны атауға, тіпті балаға ат қоюға келгенде,
жақсы көрінеді. Мысалы, өсімдіктердің
кәріқыз, шықетер,
қазтабан, құтқонбас, қозықұлақ, итмұрын
,
құртқашаш
деген
атауларының негізінде ұқсату, салыстыру, бейнелеу, суреттеу
тәсілдері жатқанын байқау қиын емес. Қазақ әсіресе балаға ат
қоюға келгенде, аллегорияны (астарлап атауды) күні бүгінге
дейін еркін әрі актив қолданып келе жатқаны мәлім. Демек,
сөздің астарлы, суреттеме мағынасын қолдану – өзге тілдер
261
сияқты, қазақ тіліне тән ұлттық белгісінің бірі. Мұндай белгі
бір тілдерде
күшті,
екіншілерінде солғындау болуы мүмкін.
Ал қазақ тілінде, әсіресе оның поэзиясында, одан барып проза
тілінде көркемдеудің бұл тәсілі өте күшті амал екендігін айту
керек.
Сөзді астарлап, бейнелеп қолдануды қазақ әдеби тілінің
ұлттық белгісінің бірі дегенде, әңгіме тек бұрыннан қолданылып
келе жатқан дайын образдарды – дайын штамптарды, яғни
кәнігі фразеологизмдерді, теңеулерді, эпитеттерді, перифраз-
дарды орнымен жұмсай білу жайында ғана емес, солардың
қалыбын (моделін) пайдалана білуде де болу керек.
Көркем текстегі метафоралар мен метонимиялар дегеніміз
– семантикалық неологизмдер немесе семантикалық инва-
рианттардың дені болғандықтан, біздіңше, оларды жалпы-
халықтық тілдің «мүлкі» деп танудан гөрі, жеке жазушының
«мүлкі» (қолтаңбасы) деп білу дәлірек. Мысалы, Абайдың өз
ортасын
соқтықпалы соқпақсыз жер
деп перифраздап (мета-
форалап) атауы – барлық ситуацияда, яғни жалпыхалықтық
қолданыста болатын образ емес, қалам иесінің өз меншігіне
жататын семантикалық неологизм. Сірә,
Достарыңызбен бөлісу: |