265
ақ
қойдың ғой,
жүдә», –
деп еркелете сөйлеген сөзінен ба-
сталады. Автор бірден оқырманын: «Бұл
әңгіменің ішінде
Оңтүстік Қазақстанның басқа қазақ тілінен гөрі басқашарақ
тіл ерекшеліктері әдейі қолданылған», – деп өзі ескертеді.
Біздің байқағанымыз бойынша, мұнда М.Әуезов жиырмаға
жуық жергілікті сөз мен тұлға келтірген. Олар:
тағын
(тағы),
шыли
(ылғи және мүлдем),
қараң қағыр
(қараң қалғыр),
наяты
(жазықсыз, бейкүнә),
қаяққа
(қай жаққа),
тәйтік бомай
(бол-
май),
жиішкертем
(жіңішкертем),
жаңалық әм айтайын
(және
бір жаңалық айтайын),
әгі
(әлгі),
табылат қой
(табылады ғой),
алаң әм бома
(тіпті алаң болма),
кәйт дейсің
(қайт дейсің),
кәйтесің
(қайтесің),
олай демегін
(олай деме),
басы боса
(басы болса),
айтқанын қығанынан
(айтқанын қылғаннан),
әтейі
(әдейі),
битіп қап
(бүйтіп),
пәдері нәлет
(атаңа нәлет).
Бұлардың ішінде
битіп, шыли, табылат, кемпешке
сияқты
ауызекі сөйлеу тілінің (сірә, барлық өлкеге тән) элементтері
де бар. Жазушы, біріншіден, қазақ жерінің оңтүстігіне тән
жергілікті
ерекшеліктерді дұрыс аңғарып, дәл тапқан және
оларды тек қана кейіпкерлер аузына салып, белгілі стильдік
мақсатпен жұмсаған.
Сөз
мағынасын, тегін, бояуын жақсы білетін ұлы Мұхтар
Әуезов бұл тәсілді бірер тұста «Абай жолы» эпопеясын-
да да қолданғанын ілгеріде көрсеттік. 1947 жылы жазылған
«Асыл нәсілдер» атты әңгімесінде және қолданған. Мұнда да
кейіпкерлердің бірқатары «өз жерінше» сөйлейді:
... Қанипа Әсия сырын естігенде, жылап жіберіп, жеңгесін
құшақтай алған.
–
Айтпағын, тегі-тегі,
– деп жеңгесінің қасынан бір тұрып
кетіп еді,
Әсия
қайта ұмтылып кеп, жұбату айтты:
Кәйтесің,
қайғырғанда
қаяққа
барасың... Жекең мен апа-
ма өзім айтайын, жасың тый,
Достарыңызбен бөлісу: