Р. Сыздык 6-том indd


синонимдер мен әр алуан вари-



Pdf көрінісі
бет141/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

синонимдер мен әр алуан вари-
анттарды
орынды жұмсау. Қазақ тілі – жалпы түркі-монғол 
тілдері сияқты синонимикасы бай тіл. Ал синонимдер – образ-
дар қатарын молайтуға қатысатын құралдардың бірі. Демек, 
синонимдердің көркем әдебиет тілінде молынан және дұрыс 
қолданылуы – норма талабы. Бұл талапты өтеу үлгісі қазақтың 
ауызша тараған байырғы әдеби тілінен басталады. Бұл тілді 
танытатын негізінен поэзия болғандықтан, синонимдердің 
поэтикалық қызметі тіпті айқын көрінеді және бұл сипат 
кейінгі проза тіліне әсерін тигізеді.
Қазіргі қазақ көркем прозасы өзінің бейнелеуіш-көркем-
деуіш құралдарының бірі етіп синонимдерді, жалпы варианттар 
қатарын пайдаланып отыр. Көркем тіл нормасынан шығатын 
да, шықпайтын да тұстар осы салада – әр алуан сипаттағы жа-
рыспалы тұлғаларды жұмсауда көзге түседі.
Синонимдердің стильдік мақсаттағы рөлін әдебиет жанр-
ларына (функционалдық стильдерге) қарай да, халықтың ауыз 
әдебиеті мен жазба әдебиеттегі көрінісіне қарай да анықтауға 
болады. Бізге қазіргі (осы зерттеудегі) керегі – жазба көркем 
прозадағы орны мен мәні, яғни орынды- орынсыз (нормаға сай 
немесе оған қайшы) қолданысы. Синонимдер – бір ұғымды әр 
қырынан сипаттайтын құрал. Демек, синонимдер жайындағы 
әңгіме сөз тандау проблемасына барып тіреледі. Бұл жерде 
мына мәселеге көңіл аударуға тура келеді. Орыс лингвисти-
касында синонимдерді тануда (сөз етуде) бұл қатарға идиом-
дарды және метафораларды қосып қарастыру әрекеті бар екені 
айтылады
62
, яғни синонимдер катарын идиомдар (фразалар) 
мен мағынасын ауыстырып қолданылған сөздер де түзеді деп 
танушылық бар. Мұның көркем тіл заңдылықтарын әңгіме ету-
де қисыны жоқ емес. Тіл қолданысында 
лексикалық
(тілдік, 
орысша айтқаңда, языковой) синонимдермен қатар, 
стильдік
(қолданыстық, орысша айтқанда речевой) синонимдер болаты-
ны даусыз. Сондықтан синонимдердің көркем текстегі тілдік 
статусымен бірге стильдік статусын да сөз ету керек болады.
62
 Гвоздев А.Н.
Очерки по стилистике русского языка. - М., 1965. - С. 64.


273
Көркем тексте «синонимдер қатары» дегенмен бірге «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет