көне сөздер
мен сирек қолданылатын
сөздердің көрінісі үлкен орын ала-
ды, өйткені бұлар да – көпшілік оқырманға түсініктілі жағынан
күмән туғызатын элементтер. Бірақ олардың қайткенде де
қолданылатын сәттері бар және басы артық, қажетсіз жерлері
бар. Демек, әңгіме тағы да жазушы шеберлігі мен ұлттық
көркем тіл нормасына бағыну (немесе одан ауытқу) жайында
болмақ.
Көне сөздер, олардың көнерген (архаизм) түрлері де, тарих-
тық сөз (историзм) деп аталатын түрлері де бірнеше мақсат
көздей жұмсалады. Көнерген сөздер – бұл күнде қолданыстан
қалып, мағыналары көмескі тартқандар, орнын өзге тұлғалар
басқан сөздер, ал тарихтық сөздер – бұл күнде қолданыстан
шығып қалған заттардың, құбылыстардың, ұғым-түсініктердің
атаулары, сондықтан бұлардың жұмсалуы тек қана зәруліктен
тууы қажет. Ал зәрулікті туғызатын фактордың бірі – өмір
шындығын дәл суреттеу принципін ұстау. Айталық, өткен
дәуірлерде болған оқиғалар, іс-әрекеттер, адамдар жайында
жазылған көркем шығармада сол дәуірге тән, бірақ қазір ұмыт
болған немесе қасаң (пассив) қолданылатын көне заттардың,
құбылыстардың, қарым-қатынастардың атауларын жұмсау –
көркем әдебиеттің негізгі талабы, бұл талапты дұрыс орындау
суреткердің мамандық (профессионалдық) парызы.
Демек, заман шындығын танытатын көне элементтер: жеке
атаулар, сөз жұмсау модельдері, сөз құрастыру үлгілері, көне
жалғау-жұрнақтар мен ескіше сөз қосарлау т.б. – көркем әдеби
тіл нормасына сай түсетін, уәжді, орынды қолданыстар болып
саналады. Бұл зандылықты түсініп, оны көріктеу әдісінің бірі
деп тұту – қазақ прозасында, әсіресе тарихи роман, повестер-
де әуел бастан дұрыс танылып, орын алып келе жатқандығын
айтуға болады. Бұған жөн сілтеп, жол салған – Мұхтар Әуезов.
270
Тарихи эпопея – «Абай жолында» жазушы күні кешегі бол-
са да, өткен ғасырдың II жартысындағы өмір шындығын
дәл атау үшін көптеген архаизмдер мен тарихтық сөздерді
(историзмдерді) әдейі қолданады. Әсіресе бүгінгі өмірден кет-
кен заттар мен құбылыстардың атаулары – историзмдер бұл
шығармада жақсы келтірілген.
XIX ғасырдың II жартысында қазақ қоғамындағы ел билеу
– әкімшілікке қатысты титулатура мен өзге де іс-әрекет,
құбылыс аттары:
майыр, дуанбасы, ағасұлтан, жандарал,
старшын, атқамінер, шенеунік, көрпіс
сияқты сөздер мен
үкілі почта
,
қалашы, лаушы, песір
тәрізді тарихтық атаулар,
сондай-ақ
кітапшалау
– «шағатайша, кітаби тілде сөйлеу»
(«хазіреттің
... кітатшылаған
тілін ұға алмаған Жұмабай...»),
хатқа тізілу –
«айыпты адам ретінде аты-жөні жазылып, есеп-
ке алыну» («Жігітектен отыз адам
хатқа тізіліпті
»),
қағаздасу
–
«ресми түрде бірінің үстінен бірі арыз беру» («сондай
кездің қарсаңында өз елінің ішімен
қағаздасып
жату лайық
емес»),
бойын кездеу
– «тұтқындалған адамның түр-тұрпатын
көрсететін белгілерді қою» («Болмаса сұр шекпенді кигізіп,
бойын кездеп
айтқанша тоқтатпасын),
молда болу
– «сауатты
адам болу» («балам,
молда болдың
ба?»)
деген етістіктер – бұл
күнде көрсетілген мағыналарда қолданудан шығып қалған
сөздер. Бұларды жазу шы кейіпкерлер аузына салып, сол тұстық
сөйлеу үлгісін шынайы түрде берген.
Бұл тарихи шығармада архаизмдерді орынды қолдану да
көзге түседі. Бұдан 100-150 жылдай бұрынғы қазақтардың
тілінде бұл күнде мүлде ұмыт болған немесе басқа мағынаға
ие болған көне атаулардың жұмсалуы – шындыққа сай.
Сондықтан мұндағы
құма, кішілік, шабынды
,
келе, тентек
де-
ген сөздерді архаизмдер (көнерген сөздер) деп тануға болады.
Кішілік
сөзінің түбірі
кіші
– көне түркі тілінде «әйел (жұбай)»
мағынасындағы сөз, қазақтар
кішілік
сөзін «біреудің әйелі»
мәнінде жұмсаған. Сондықтан Бердіқожа: «Е, мен баламды
кәрі Құнанбайға
кішілікке
беруші ме ем?» – дегенде «қызымды
кәрі Құнанбайға әйелдікке бермеймін» деген ұғымды тану ке-
рек.
Құма
сөзі де – көне элемент. Түркі-монғол халықтары та-
рихында орта ғасырларда ел билеуші ханның некелеп алған
271
әйелдерін
хатун
(қатын)
деп, некесіз алған әйелдерін
құма
деп
атаған. Құмалар – негізінен жаулап алған ұлыстың хандары-
ның, қолбасыларының, рубасыларының, билерінің әйелдері,
қыздары, қарындас-туыстары болатын. Құмадан туған балалар
заңды саналып, хатундардың балаларымен тең өсірілген (олар
көбінесе хатундардың тәрбиесінде болған), енші алуда, әке ор-
нын басуда, қол бастауда т.т. хатун балаларымен тең праволы
болған. Дегенмен заңды (некелі) әйелдерден туған балаларды
артық қоюшылық та орын алып келген. Сондықтан
құмадан
туыппын ба
? деген образ «кеммін бе?» дегенді білдірген
(соңғы ғасырларда бұл фраза қазақ қауымында «тоқалдан ту-
ыппын ба?» деген түрде айтылғаны мәлім).
Сірә, көп ретте көнерген сөздер мен әсіресе тарихтық ата-
уларды және этнографизмдерді айыру оңай болмайды. Бел-
гілі бір халықтың өзіне ғана тән материалдық және руха-
ни мәдениетіне, тұрмыс-салтындағы ерекшелігіне қатысты
сөздер деп саналатын этнографизмдер сол ерекшеліктердің
қоғам өмірінен кеткендерін атайтын болса, олар историзмге
(тарихтық сөздерге), ал кейде тіпті өзге сөзбен ауыстырылып,
көнерген сөзге айналатыны мәлім. Сондықтан көркем шығар-
мада, олардың ішінде тарихи туындыларда этнографизмдер
мен көнерген сөздердің қолданылуы – көркем тіл нормасын
өтейтін тәсіл. Бұл тәсілді қазақ көркем сөзі Мұхтар Әуезовтен
бастап, күні бүгінге дейін жақсы қолданып отыр. Әсіресе соңғы
кезеңдерде жазылған тарихи шығармаларда: «Үркер», «Елең-
алаң» (Ә.Кекілбаев), «Аласапыран» (М. Мағауин), «Жібек
жолы» (Д.Досжанов), «Елім-ай» (С.Сматаев) сияқты үлкен ро-
мандармен қатар повестерде және тарихи эсселерде «Алтын
тамыр», «Көмбе» (Қ.Салғарин), сондай-ақ «Ант» (Т.Ахтанов),
«Ұлан асу» (Қ.Бекхожин) тәрізді тарихи драмаларда көнерген
сөздерді қолдану кеңірек орын ала бастады және бұл орайда
авторлардың қатты ізденгендігі байқалады. Демек, көркем
тіл нормасы үдесінен шығатын фактілер баршылық деуге бо-
лады. Біздің бұл жердегі көздейтін мақсатымыз – нормадан
ауытқуды көрсету, оның себептерін ашу болғандықтан, тари-
хи көркем шығармалар тіліндегі көне элементтердін дұрыс
қолданысын жоғарыда Ә.Кекілбаев пен М. Мағауиннің тарихи
шығармалары тілін талдау барысында көрсеттік.
272
Ұлттық көркем сөз нормасының бір белгісі – қазақ лекси-
касының байлығын, яғни
Достарыңызбен бөлісу: |