Р. Сыздык 6-том indd


Көркем текстегі уәжсіз ауытқулар



Pdf көрінісі
бет148/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

Көркем текстегі уәжсіз ауытқулар
Уәжсіз (жөнсіз) ауытқуларды да екі тұстан қарастыру керек: 
бірі – жалпы әдеби тіл нормасына қайшы келетін қолданыстар, 
екіншісі – көркем әдеби тіл нормасын бұзатын қолданыстар.
Лексикалық қолданыстарда жалпы әдеби тіл нормасына сай 
келмейтін ауытқулар, біздіңше, мынадай сәттерде байқалады:
1) 
сөзді өз орнында жұмсамау
. Бұл көбінесе сөздің дербес 
лексикалық мағынасын дұрыс түсінбеушіліктен туады. Мы-
салы, жазушы Т.Шадықұловтан бірнеше факті келтіруге бо-
лады: ...
Қазынаның елу мың ақшасын аман-сау қауыштырды 
(«Соңғы тілек», 1985) деген сөйлемде 
қауыштырды
етістігінің 
мағынасын автор дұрыс білмеген. 
Қауышу
іс-әрекеті адамдарға 
байланысты айтылады, сондықтан қазынаға түгел қайтып 
оралған ақша қазынамен қауышпайды, қайтарылады, толты-
рылады, орнына салынады. Сол сияқты: 
Ауылдағы екі көтерем 
шал әрі жұбатты, бері жұбатты
(соңда) деген сөйлемде 
көтерем
сөзі өз орнында емес: бұл сөз малға қатысты айтыла-
ды, адам көтерем болмайды, жүдеу, арық болады.
Бірқатар жазушылар кейбір көне сөздер мен сирек қол-
данылатын сөздердің немесе этнографизмдердің мағынасын 
жете түсінбей, орынсыз жұмсайды. Мысалы, 
сұрқылтай
– 
көне түркі-монғол тілдеріңде (мүмкін, тек монғол тілінде) 
«кеңесші» деген сияқты билеушінің (айталық, ханның) жа-
нында болатын сановниктің лауазымы. Сөздің бұл мағынасы 
қазақтың «әр ханның тұсында – бір сұрқылтай» деген мәтелінде 
сақталған. Бұл мәтелдің мәнісі – «әр ханның өз кеңесшісі, 
өз ақылшысы болады, соған орай әр ханның ұстайтын са-
ясаты, жүргізетін билігі әртүрлі болып келеді» дегенді 
білдіреді. Мағынасы көмескіленген бұл көне сөзді жақсы 
танымағаннан кейін, бірақ әйтеуір тілде бар сөз екенін сезіп 
қолданып жіберушілік кездеседі. Мысалы, жазушы Қ.Ысқақов 
мәтелді өзгертіп «әр заманға – бір сұрқылтай» деп қолданса, 
Д.Досжанов «осы бір сұрқылтай оқиға» деп, сөзді зат есімдік 
қасиетінен айырып, сын есім қызметінде жұмсайды. Контек-
ске қарағанда, жағымсыз мәндегі сын-сипатты білдіру үшін 
қолданған сияқты. Ал С.Жүнісов 
Көп сұрқылтайды көрген 
көзі жіті, тәжірибелі арлан аттардың түр-түсіне дейін... 


286
анық көрді 
(«Ақан сері») және 
Шабдарым – есті ат қой, менің 
асыққанымды түсініп, желмаядай есті. Ғұмыры мұндай 
сұрқылтай ды көрмеп еді
(сонда) деп қолданғанда, бұл автор 
да 
сұрқылтай
сөзін жағымсыз жайтты білдіретін сөз деп тани-
тын тәрізді. Сірә, бұл – 
сұрқия
(-лылық
) деген сөзбен сырттай 
(дыбыстық) ұқсастығына қарай топшыланған семантика болар 
(өйткені мұндай топшылаудан тіпті «Фразеологиялық сөздік» 
авторы да құр емес: онда жоғарғы мәтелдің бір мағынасын 
«белгілі бір хандық заманда қалайда бүліншілік, сұрқия (?) 
болмай қоймайды» деген мәнде айтылады деп түсіндіреді 
– Фразеологиялық сөздік). Ал бұл мәтелдің дәл мағынасы – 
жоғарыда біз көрсеткен, яғни 
сұрқылтай
сөзінің «советник, 
кеңесші» ұғымында келген түрі.
Сөз мағынасы түсініксізденіп, көпшілікке нақты белгісіз 
болғандықтан, әр жазушы өзінше топшылап, өз түсінігінше, 
біреуі – зат есім, екіншісі – сын есім т.т. ретінде құбылтып, 
әртүрлі мағынада жұмсауы, әрине, нормалылыққа кайшы 
келеді: біріншіден, текстің түсініктілігіне нұқсан келтіреді, 
екіншіден, сөздің, әсіресе көне, сирек сөздердің тұрақты 
мағынада қалуына кедергі келтіреді. Көне, сирек сөздер 
көбінесе образ жасауға жұмсалатындықтан, олардың белгілі 
бір мағынада орнығуы өте қажет, өйткені көркем әдебиетте 
ұлттық образдар әлемін бұзу – көркем сөз нормасын бұзу бо-
лып табылады.
Тек көне, сирек сөздер емес, кейбір дағдылы сөздердің 
де лексикалық мағынасын түсінбей қолдану – қазіргі қазақ 
прозасында едәуір етек алып бара жатқанын көрсетуге бо-
лады. Мысалы, 
жалғызілікті
сөзі – «тұрмыста қолғабыс 
ететін, қарайласар ешкімі жоқ» адамға қарата айтылатын сөз, 
сондықтан 
жалғызілікті салт жолаушы
деп жазу – нормадан 
жөнсіз ауытқу. Сол сияқты жазушы жалғыз баланы өсірген адам 
туралы: 
Бәрінен де шиеттей баланы далаға тастамай, өсіріп 
адам қылғанын айтсайшы
(Қ.Жұмаділов) деп жазды. Мұнда 
автор 
шиеттей 
сөзінің мағынасын тап баспаған: ол көп бала 
жайында сөз болғанда айтылуы керек, жалғыз бала шиеттей 
бола алмайды, өйткені 
шиеттей 
сөзі «көп, толып жатқан» деген 
ұғымды береді. Тағы бір жазушы: 
Жігіт жігерлене жұтынды
(Шадықұлов) деп жазады. Мұндағы 
жігерлене
сөзі жұтынудың 


287
амалын бере алмайды, адам жігерлене сөйлеуі, жігерлене іске 
кірісуі мүмкін, ал жұтыну үшін жігердің қажеті жоқ. 
Үлкен кісі 
қанат жая
(?) 
жарқылдап қарсы алды
(Шадықұлов). 
Қызметші 
екі-үш жігіт қайта жосқындай
(?) 
кірді 
(Д.Досжанов) деген 
сөйлемдердегі сұрақ қойылған сөздердің де мағынасын жазу-
шы жақсы түсініп қолданған деу қиын. Келтірілген мысалдар 
көрсеткендей, қазіргі қазақ прозасында, әсіресе сипаттамалық 
қызметтегі сын есімдер мен үстеулердің мағынасын шатастыру 
жиірек кездесетіні байқалады.
Әдеби тіл нормасынан ауытқудың ерекше, яғни уәжді деп 
те, уәжсіз деп те тануға болатын және бір түрі бар. Жазушы 
әлдебір себеппен (мотивпен) тұрақты тіркестердің немесе 
мақал-мәтелдердің құрамындағы сөздерді өзгертіп пайдалануы 
мүмкін. Бұл амалға апаратын себептер әртүрлі. Бірі – дыбыстар 
үнділігін (әуезділігін) көздеу, яғни аллитерациялы, ассонансты 
құрылым түзу. Осы себептен болу керек, О.Бөкеев 
тасы тауға 
домалаған жігіттің Құдаймен жұмысы қанша? 
деген сөйлем 
ұсынады. Фразаның қалыпты түрі: 
тасы өрге домалаған
бо-
луы керек. Мұнда жазушы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет