Р. Сыздык 6-том indd


Сөз таңдаудағы уәжді ауытқулар



Pdf көрінісі
бет145/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

Сөз таңдаудағы уәжді ауытқулар
Ауытқу – нормаға сай келмейтін қолданыстар. Терминнің 
өзінде «сәйкессіздік» мағынасы («белгілі бір дұрыстықтан, 
заңдылықтан ауып кету» деген сияқты) болғанмен, ауытқу 
барлық сәтте жағымсыз акт болып шықпайды. Сырт қарағанда, 
нормадан тыс болып көрінгенмен, шындығында, сол норма-
дан әдейі ауытқу, яғни әр алуан себеппен болатын ауытқулар 
орын алады. Сондықтан барлық ауытқу, соның ішінде сөз 
қолданыстағылар уәжді (мотивті немесе жөнімен) және уәжсіз 
(мотивсіз немесе жөнсіз) ауытқулар деп қарастырылады. Бұл – 
тек көркем сөз стилінде ғана емес, барлық стильдерде болатын 
заңды құбылыс. Бірақ көркем әдебиет тілінде уәжді ауытқулар 
жиірек кездеседі және олардың өздері әрсипатты болып келеді.
Көркем әдебиет тіліндегі ауытқудың неден (қай нормадан) 
ауытқу екенін ажыратып қарастыру керек болады. Біздіңше, 
жалпы әдеби тіл нормасынан және көркем сөз нормасынан 
ауытқу деп бөліп талдау керек.
Сөз қолданыстағы жалпы 
әдеби тіл нормасынан 
ауыт-
қу, біріншіден, әдеби тілден тыс тұрған элементтерді: диалек-
тизмдерді, қарапайым жай немесе дөрекі сөздерді, жаргон-
дарды т.б. автор сөзінде пайдалануға қатысты қарастырылады 
(олардың кейіпкерлер тілінде жұмсалуы – көркем әдебиет 
стилінің өз нормасы, өз заңдылығы, сондықтан ауытқу пробле-
масы негізінен авторлық баяндау тексі бойынша қойылады), 
бұл – стильдік таңбасы бар сөз дегенді зерттеуге апарады.
Екіншіден, сөздің әдеби тілде қалыптасқан жалпы лек-
сикалық мағынасынан ауытқып қолдану. Бұл орайда жазушы-
ның тілге ұқыптылығы және жауапкершілігі әңгіме болады
яғни әдейі жөнімен ауытқу сөз болады.
Үшіншіден, сөздің өзге сөздермен тіркесу нормасын бұзу. 
Бұл да екі түрлі ситуацияда көрінеді: бірі – білместіктен, 
жауапсыздықтан болатын құбылыс, келесісі – тіркестер конта-
минациясы дегенді әдейі пайдалану.
Сөз қолданыста 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет