288
(баласында
деудің орнына),
жаны ауырды (ашыды
деудің ор-
нына),
асықша ширатылды (үйірілді
деудің орнына – мысалдар
Ө.Ахметовтен),
менің көңілім қайысты (қалды
немесе
қайтты
деудің орнына),
жүрегімді шымырқантты (тербеді
деудің
орнына – Т.Тілеуханов),
етті-женді толық адам
(дұрысы:
ет-жеңді
болуы керек),
іші еріді (жылады
деудің орнына),
төсек жаңартты (жаңғыртты
болса керек – М.Ысқақбаев)
т.б. мысалдарды қосып көбейте беруге болар еді. Бұл жерде
мақсатымыз – жеке бір жазушылардың қателіктерін көрсету
емес, нормадан осындай сипатта ауытқушылықтардың бар
екенін және едәуір етек алып отырғанын айту.
Екінші – кейбір мақал-мәтелдерде сақталған дөрекі естілетін
қарапайым сөздерді «әдептілеу, әдемілеу» вариантымен алма-
стырып қолдану қазір жүйеге айналып барады. Мысалы «иттің
боғы дәрі болса, дарияға тышады» деген мақалда екі дөрекі
сөз бар, халық тілінде бұлар осы мақалда айтылмақ сентенци-
яны мейлінше өткір етіп жеткізу үшін келтірілген, ал осыны
жазушы «иттің
тезегі
дәрі болса, дарияға
көмеді»
деп
береді
(Қ.Ысқақов, «Қара орман»). Сол сияқты «аузында тиек,
артын-
да
орнық болсашы» дегенде де
артында
сөзі өзге дөрекілеу
сөзді ауыстырып тұр; «жылап
ішіп,
шыңғырып
қыр астына
жүгірген»
дегенде соңғы сөздер
ішіп-
ке ұйқасатын дөрекі
ты-
шып
сөзінің «кезекшісі» болып тұр. Мұндай ауыстырулардың
ішінде сәтсіз шығатындары да аз емес. Мысалы,
бөрінің
көмекейінше шулап
деген қолданыс – сәтті емес, мұнда автор
бөрінің көтінше
дегенді сыпайыламақ болып «әдепсіз» сөзге
дұрыс эквивалент таба алмаған. Сол сияқты «
шілдің балапа-
нынша
(?) тоз-тоз болып шашыраған бірдеңе» (Қ.Ысқақов) де-
ген сыпайылық та – сәтсіз: шілдің балапаны шашырамайды,
боғы шашыраса – бір жөн.
Мұндай әр алуан мақсатпен сөз құрамы өзгертілген фразе-
ологизмдер мен мақал-мәтелдерді стильдік не өзге себептерсіз
қолдану – жөнсіз (мотивсіз) ауытқу болмақ. Қазіргі қазақ про-
засында бұл да жоқ емес. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: