Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет152/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

Әкесінің 
бар малым қуди-суди ғып... (шашып болды)
деп сөйлеткенде, 
осындағы орыс тілінен алынған 
куди-суди (куда-сюда 
деген-
нен) тұлғасы ауызекі тілде «малды қалай болса солай бейбе-
рекет шашу» ұғымын беруде ең бір әсерлі сөз болып таны-
лады. Сол сияқты Ғ.Мүсірепов ерке жиен – Сейіттің аузына 
«Тырқиюына болайын!»
деген сөздерді салғанда да ауызекі 
тілдің осы табиғатың сақтап, экспрессивтілігін көздеген.
Осы ретте 
бозымбай
(«Бұл неғып тап осынша
бозымбай 
болды екен?» – Ә.Кекілбаев) 
келгінбай
(«Төтеден қосылған
 
келгінбайлар
» – С. Жүнісов), 
оттаубай
(«Оспанның шығарып 
жүрген
 оттаубайы
» – О. Бөкеев) сияқты адамды мінездей атай-
тын дөрекілеу сөздер мен 
помыштау
(«Мұны да мұжықтармен 
бірігіп,
 помыштап 
көтердік, қазақта да ұдықтасу деген болушы 
еді ғой» – С. Жүнісов), 
тырапай асу 
(«баяғыда
 тырапай асар 
еді»), 
сумақайлану
(«Бір көрген қызға қырындап,
 сумақайлана 
беру қадетіне жат»), 
қотиын 
(«Біз оның
қотиын 
қылығына 
өкпелеген жоқпыз»), 
аңқиттау 
(«суырша
 аңқиттап...
» – соңғы 
сөздердің бәрі де О.Бөкеев шығармаларында), 
құйтақандай

Құйтақандай 
арманы болушы еді» – Д.Досжанов) сияқты 
қарапайым сөздердің кейіпкерлер тілінде де, авторлық баянда-
уларда да орынды, белгілі бір стильдік жүкпен қолданылғанын 
көрсетуге болады.
Ал 
аңқиттама, ботырама, аталақтама, оттама, не ман-
тырап отырсың?
сияқты адамның мінез-қылығына қатысты 
халық тіліндегі «уытты» сөздер кейіпкерлер аузына орынды 
салынған.
Қазіргі көркем проза тілінде кейбір қарапайым сөздерді 
активтендіру нышаны байқалады. Мысалы, 
толайым 
сөзін 
лексикологтер әдетте қарапайым элемент қатарында санайды. 
Бұл тұлға М.Әуезов тілінде де бар, бірақ оны автор көбінесе 
кейіпкерлердің диалогтерінде келтіреді: Байсал:
«
– 
Соқпа! Сырттың соқпасы ма? Ішті жеген жегінің соқпасы 
ма? Әйтеуір келді ғой
 толайым
»
 
(«Абай жолы», I). Ал О.Бөкеев 
сияқты кейінгі жазушылар бұл сөзді, өз тілінде де, кейіпкерлер 


293
диалогтерінде де жиірек жұмсайды: «Дүние
 толайымы 
аппақ 
нұрға бөленді» («Өз отыңды өшірме»); «Мамырлап басатын 
саржағал бәйбіше
... толайым 
баланы...» («Мұзтау»). Бұл тұлға 
арагідік өзге авторларда да қолданыла бастады. Осы заман сау-
дасында орын алған «оптовая торговля» дегенді 
толайым сау-
да 
немесе 
толайым сату деп 
бере бастағанын да көреміз. 
Пошым
сөзі де – 
түр, бейне 
сөздерінің қарапайым 
эквиваленті. Бұл сөзді де әдеби айналымға түсіру әрекеті жоқ 
емес. Мысалы, О.Бөкеевте: «Тек 
пошымы
ғана сүлделенеді». 
«Алтайдың алып 
пошымы 
көріністене бастады...». «Үңілген 
пошымын
танытады» т.б. Әдетте ауызекі сөйлеу дағдысына тән 
болып саналатын 
жыны келді, ит жыны келді, жынына тиді 
деген сөздерді де автор тілінде жиі келтіріп, әдеби нормаға 
айналдыру ниеті бұдан да күштірек сезіледі. Соңғы сөздер 
осы күнгі орта және жас буын прозаиктердің бірқатарында 
жиі кездеседі деуге болады және олар ешқандай стильдік жүк 
арқаламайды.
Тегінде, автор тілінде қарапайым элементтер экспрессия 
үдесінен шыққанда ғана жұмсалуға тиіс. Мысалы, Т.Ахтанов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет