Препарат аты: Ұрт Бояуы: Гематоксилин-эозин Зерттеу объектілері



Pdf көрінісі
бет2/24
Дата03.03.2023
өлшемі1,8 Mb.
#170896
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ГИСТО метаболизм

Балалардағы ерекшелігі:
Балаларда ұрттың терісі мен кілегейлі қабықша арасында 
орналасқан майлы дене өте дақсы дамыған,сондықтан сәбилердің ұрты дөңес пішінді 
болып келеді.Баланың жасы ұлғайған сайын майлы дене тегістеліп,шайнау 
бұлшықеттерінің арасына ығыса бастайды. Жаңа туылған баланың ұрты кілегейлі 
қабығында орналасқан емізіктер санының көптігімен ерекшеленеді.Бұлшықеттік 
қыбықшада орналасқан белокты-шырышты және таза шырышты ұрт сілекей бездері 
морфологиялық және функционалды тұрғыдан толық жетілмеген сипатта. 
Қызметі:
асты механикалық және химиялық өңдеу, терморегуляциялық, секрециялық, 
қорғаныш 


Сипаттамасы: 
Препаратта қызыл иектен алынған кесінді берілген.Құрылысы бойынша 
қызыл иек меншікті пластинка мен көп қабатты жалпақ эпителийден тұрады.Оның 
бұлшықетті пластинкасы мен шырыш асты негізі болмайды, сондықтан астыңғы және 
үстіңгі жақсүйектердің периосттарына тікелей жанасып жатады.Оның беткейі біркелкі тегіс 
емес, қызыл иектің альвеолалы сүйекке бекінген жерлеріндегі майда тартылулардың 
әсерінен апельсин сүйектеріне ұқсас келеді.Қызыл иек құрылысынан екі аймақ ажыраты-
лады, олар бір-бірінен толқын тәрізді созылған шекара арқылы бөлінген. Бұл аймақтарды 
кілегейлі қабығының түсіне қарап ажыратуға болады:
 
Шекараның үстінде жатқан, тістердің арасы мен жақсүйектердің альвеолалы өсінділерін
қаптап жатқан кілегейлі қабық ақшыл-қызғылт түспен ерекшеленеді. Бұл аймақтағы қызыл 
иектің кілегейлі қабаты тағамды шайнау кезінде механикалық және температуралық 
әсерлерге ұшырағандықтан көп қабатты жалпақ эпителийі мүйізденеді. Қызыл иектің 
мүйізденетін эпителийінің құрылысынан негізгі 4 қабат ажыратылады: мүйізді қабат, дәнді 
қабат, тікенекті қабат және базальды қабаты.Мүйізденетін эпителийдің құрылысына кіретін 
жылтыр қабат тек алақан мен табанда болғандықтан ол қызыл иекте қарастырылмайды. 
Мүйізді қабат
 –
арасы аморфты затпен толтырылған көп бұрышты кератиноциттердің жұқа 
қабаты.Аморфты затында кератин, кератогиалин және гидролиздеуші басқа да қосылыстар 
болады, жасушалары 3-4 күн сайын түлеп түсіп, толық жаңарып отырады.Дәнді қабат –
 
жалпақ кератиноцит жасушаларынан түзілген, ядросы жалпақ,ал оны қоршаған 
цитоплазмасында ірі базофильді гранулалардың екі түрі ажыратылады: кератогиалинді 
және кератиносомалық.Тікенекті қабат
– 
бір-бірімен десмосомалар арқылы байланысқан, 
көп бұрышты,тікенекті ұштары бар жасушалардан құралған.Жасуша цитоплазмасында 
тонофиламенттер шоғырларға бірігіп, тонофибриллаларды қалыптастырады. Базальды 
қабат –
 
базальды мембранаға бекінген, пішіні призма немесе куб тәрізді бағаналы 
жасушалардан құралған,қызметі – регенерациялық. 
Шекараның астында жатқан кілегейлі қабығы қан тамырлары жақсы байқалатын 
мүйізденбейтін эпителиймен тысталғандықтан қанық-қызғылт түсте болады.Көп қабатты 
жалпақ мүйізденбейтін эпителий құрылысы бойынша беткейлік, тікенекті және базальды 
қабаттардан құралған.Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы борпылдақ талшықты 
дәнекер тінінен түзілген, құрамында өте көп мөлшерде нерв талшықтары мен қан 
тамырлары бар.Сонымен қатар, қызыл иектің меншікті пластинкасы коллаген талшық-
тарының мол болуымен ерекшеленеді, коллаген шоғырлары қызыл иекті тіс цементімен 
берік байланыстырып тұрады.Борпылдақ дәнекер тіні эпителийге ене түсіп,дәнекер тіндік 
емізіктерді қалыптастырады.Емізіктер тіс аралық қызыл иекте биік, ал пластинканың 
сүйекке бекінген аймақтарында аласа пішінге ие. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет