Тілдің жіп тәрізді бүртігі сыртынан жартылай мүйізденетін эпителиймен тысталған.
Құрылысы бойынша дәм сезу түйіндері мен жасушалардың негізгі 4 түрлі тобынан тұрады:
сенсоэпителиоциттер, перигеммальды жасушалар,тіректік және базальды эпителиоциттер.
Негізгі дәм сезгіш сенсоэпителиоциттер кілегейлі қабықшадан сары түсімен ажыратылып,
бірден көзге түседі.Ол эпителийдің жоғарғы бетіне дейін,ал төменнен базальды мембранаға
дейін созылып жатады.Перигеммальды эпителиоциттер пішіні орақ тәрізді,құрамында
органеллалары аз,қызметі бойынша тілдің үстіне түсетін дәмді заттар үшін адсорбент
болып табылады.Тіректік эпителиоциттер барлық жасушалардың арасын толтырып
жатады.Олардың цитоплазмасы ашық түсті, құрамында түйіршіксіз ЭПТ,лизосомалар және
ұсақ вокуольдері бар.Базальды эпителиоциттер дәм сезу бүртігінің базальды
мембранасына жақын орналасады.Базальды эпителиоциттер аз дифференцияланған, ол дәм
сезу бүртіктері үшін регенерация қызметін атқарады.Басқа типтегі жасушалардан
айырмашылығы базальды эпителиоциттер эпителийлік қабаттың үстіңгі бетіне ешқашан
жетпейді.Бүртікшелердің арасындағы шағын 0,15 нм болатын бүртік аралық кеңістіктерге
тілдің аралас,белокты және шырышты сілекей бездерінің өзектері келіп ашылып,бүртіктер
мен аралық кеңістіктерін жуып-шайып жатады.
Балалардағы ерекшелігі:
Жаңа туылған нәрестелердің тілі жалпақ,қысқа және қалың,ауыз қуысын
түгелімен алып жатады.Жаңа туылған балаларда тілдің жапырақ тәрізді бүртігі жақсы жетілген.
Қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні қанға толы ірі капиллярларымен ерекшеленеді. Бас миының дәм
сезу орталықтары мен нейрон арасындағы жолдары толық қалыптаспаған. 3 айға дейін бала тек тағамның
бір түрімен қоректенгендіктен дәм сезу түйіндері мен бүртіктері бүртіктері морфологиялық-
функционалды тұрғыдан толық қалыптаспаған.Бүртіктердің жасушаларының бір бөлігі аз дифференция-
ланған сипатта. Сәбидің тіл бүртіктері оның бүйір беттеріне көбірек шоғырланған,10 жасқа жеткенше олар
мигнацияланып тілдің беткі бөліктеріне орын ауыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: