Сипаттамасы:
Препаратта жұмсақ таңдайдың ауыз беткейінен алынған кесіндісі берілген.
Жұмсақ таңдай құрылысы бойынша сыртынан
кілегейлі қабықпен тысталған,ал негізін
бұлшықеттер мен сіңірлер құрайды.Кілегейлі қабықтың құрылысы эпителий мен меншікті
пластинкадан тұрады,оның бұлшықетті пластинкасы болмайды.Сонымен қатар, жұмсақ
таңдайдың ауыз-жұтқыншақтық бөлігі мен мұрын-жұтқыншақтық бөлігі ажыратылады.
Ауыз қуысына қараған
бөлігіндегі кілегейлі қабық көп қабатты жазық мүйізденбейтін
эпителиймен қапталған.Құрылысы бойынша мүйізделмейтін эпителий негізгі 3
қабаттан
тұрады:беткейлік,тікенекті және базальды.Беткейлік қабаты арасы аморфты затпен
толтырылған жазық пішінді жасушалардан түзілген,олар 3-4 күн сайын түлеп түсіп, толық
жаңарып отырады.Тікенекті қабат
бір-бірімен десмосомалар арқылы байланысқан,көп
бұрышты,тікенекті ұштары бар жасушалардан құралған.Жасуша цитоплазмасында
тонофиламенттер шоғырларға бірігіп,тонофибриллаларды қалыптастырады.Базальды қабат
базальды
мембранаға бекінген,пішіні призма немесе куб тәрізді бағаналы жасушалардан
тұрады, қызметі бойынша регенерацияның көзі.Кілегейлі қабықтың меншікті пластикасы
борпылдақ талшықты дәнекер тінінен түзілген, ол эпителийге ене орналасып биік әрі
жіңішке емізіктерді қалыптастырады.Жұмсақ таңдайдың
ауыз беткейінің шырыш асты
негізі адипоциттерге бай борпылдақ талшықты дәнекер тінінен құралған.Қызметі бойынша
кілегейлі қабықтың қозғалғыштығын қамтамасыз етеді және құрамында қан тамырлары
мен шырышты таңдай бездері бар.Таңдай бездерінің шығару өзектері тілшік пен жұмсақ
таңдайдың ауыз қуысына қараған бетіне ашылады.Жұмсақ таңдайдың алдыңғы жиегі қатты
таңдайға бекінген,артқы бөлігі таңдай пердесі түрінде
артқа қарай салбырап тұрады, ал
оның ортасында тілшігі орналасқан.Тілшікті жұмсақ таңдайға таңдай пердесін көтеретін
бұлшықет пен таңдай пердесін керетін бұлшықет және тілшік бұлшықеті бекітіп тұрады.
Жұмсақ таңдайдың мұрын қуысына қараған бөлігіндегі кілегейлі қабықшасы эпителий
мен меншікті пластинкадан түзілген,оның шырыш асты негізі мен бұлшықетті пластикасы
болмайды. Кілегейлі қабықшаның эпителийі – көп қатарлы кірпікшелі,құрылысы бойынша
кірпікшелі және бокал тәрізді эпителиоциттерден тұрады.Кірпікшелі
эпителиоциттер биік
болып келеді,ал пішіні бойынша призмалық.Олардың апикальды беттері кірпікшелермен
көмкерілген,қызметі бойынша шырыштың және бөгде заттардың жұтқыншаққа қарай
қозғалуын қамтамасыз етеді.Ал бокал тәрізді эпителиоциттер эпителий бетіне муцин бөліп
шығарады,қызметі – механикалық және инфекциялық әсерлерден сақтау.Кілегейлі
қабықтың меншікті пластикасы борпылдақ талшықты дәнекер тінінен түзілген, ерекшелігі
– құрамында емізіктері болмайды.Жұмсақ таңдайдың бұл аймақтарынан шырышты сілекей
бездерінің соңғы секреторлы бөлімдері өтіп,шығару өзектері
жоғарғы азу тістер мен
бадамшалардың
тұсынан,тіл
жүгеншігіне
ашылады.Жұмсақ
таңдайдың
мұрын-
жұтқыншақтық бөлігінде жұтқыншақ бадамшасы,ал таңдай доғашықтарының аралығында
таңдай бадамшасы орналасқандықтан лимфоидты фолликулдарды кездестіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: