Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән


§ 2. Еріктің физиологиялык негізі



Pdf көрінісі
бет121/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

§ 2. Еріктің физиологиялык негізі
Еріксіз әрекеттердін фязиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі — ннстинкт әрекеті
ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи-ғылыми негіздерін қалаған
И. М. Сеченев пен И. П. Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі — мұндағы материалдык процестер, сыртқы
әсер мен мидың уақытша байланыстары, шартты рефлекстер деп түсіндіреді. Се-ченев ерікті әрекеттердің
физиологиялық механизмін зерттей отырып, адамның ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің
қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтататын қабілеттерді
игеретіндігін дәлелдейді. Ал Павлов ерікті әрекеттердің механизмін жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына
бағынатын, шартты ассоцнациялық процесс деп анықтайды.
Психология тарихында бихевиоризм деп аталатын шетелдік механистік бағыт әрекеттің саналы сипатын теріске
шығарьш, адам әрекетін механикалық тұрғыдан шешті. Сөйтіп оны жануарлар өмірімен салыстырды. Бұл ғылыми
тұрғыдан қателесу еді. Бихевиоризм теориясы бойынша оқу әрекеті, жаттығу тәжірибёсі саналы әрекет емес, көп
пысықтап, жаттығу нәтижесінде туатын механикалық процесс деп саналды. Механистік психология еріктің материалдық
дүниемен байланысын да жоққа шығарды. Ерік табиғатын, ерікті әрекеттің себебін теріс түсіндірді. Олар ерікте өзін-өзі
билейтін бостандық бар, ерікті әрекеттің себебі — “ерік бостандығы”, сана адамға не тілесе, соны береді деп бұрмалады.
Бұл теорияның еріктің ғылыми негізі бола алмайтындыры — оның шындыққа сай келмейтіндігінен. Оның тағы бір ол-
қылығы мен шалағайлығы — Австрия психологі Зигмунд Фрейдтің "жыныстық еліктеу" дейтін көзқарасына
негізделгендігі. 3. Фрейд сананың дамуы, әсіресе, балаларда “жыныстық еліктеу” мен әлеуметтік орта арасындағы дау-
дамайлардан туындап отыруында дейді. Бұл пікірдің шындықтан әлдеқайда алыс екендігі даусыз.
181


Материалистік ілім тұрғысынан алып қарасақ, адамның ерік бостандығы — себепті байланыстылықка,
детерменизм принципіне бағынатын бостандық. Қиыншылықтарды жеңіп шығу да — ерік бостандығының бір көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет