құрамы жөнінен түрлі тамшылар бірімен-бірі бірікті. Сонымен, коацерваттардың қасиеті мол болады. Осы орайда, оны
тірі организм кұрылымы деп қарауға болады. Бұл қасиеттер нендей нәтижелер берді? Коаврваттар ортадағы қоректі
заттарды сіңіріп, өмір сүруін жалғастыру үшін қажет заттарға тітіркеніп, оларға ауап қайтарды. Ал өмір сүруіне қажетсіз
заттарға тітркенбеді. Зат алмасудағы бұл қажеттілік өзін-өзі реттеу қабілетінің нәтижесі болды. Коацерваттар бөлінуге,
түрлі химиялық қосылыстармен конструкциялануға бейім тұрған. Сондай-ақ, сыртқы әсерлерді бейнелеу түрлі
нәселердің күші мен сипатына ғана емес, олардың орталық түзілістері мен коацерваттардьщ ішкі жағдайда байланысты
болған. Мұндай органикалық түзілімдердің алғашқы бейнелеу формасы қазіргі тірі организмдердің арғы ата тектерінің
геологиялық дәуірлердегі пайда болу жағдайына сәйкес келеді.
Өлі табиғаттағы бейнелеуге қарағанда, тірі табиғат-герототипі — коацерваттарда, кез-келген тірі организмдерде
бейнелеудің жаңа сапалық ерекшеліктері пайдалған. Ондай өзгерістер сыртқы әсердің күші мен сипатына ғана емес,
организмнің ішкі жағдайына да байланысты. Кез-келген тірі организм тіршілік қажетіне қарай сыртқы
тітіркендіргіштерге әсерленіп, тірі материя жаңа сапасының өзін-өзі реттеуіне ықпал етеді. Оргвнизмнің ұзақ мерзімді
эволюциялық дамуы нәтижесінде бейнелеудің айқын түрлері — түйсіну, қабылдау, ес, оулау
формалары пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: