дұрыс бейнеленгендігі адамның қоғамдык-тарихи тә-жірибесімен салыстырылады. Мұндай жайт адамның өмір
тәжірибесіне сүйене отырып бейнеленген ұғымдарын, ғылыми мағлұматтарын .мүлделерін шындыққа жанастыруда,
олардың ақиқаттығын дәйектеуде -елеулі қадам
жасайтындығын көрсетеді.
Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде болады. Бұл —
табиғи
заңдылық. Психиканың пайда болуы ғылыми көзқарастарға сәйкес материяның ұзақ дәуірлер бойғы эволюциялық
дамуымен бірлікте қарастырылады, Материя табиғатын зерттеу әр қилы қозғалыс түрлерімен ұштастырылады. Қозғалыс
~ материяның өмір сүру тәсілі, оның негізгі қасиеті. Материя ішінде де қозғалыс, даму процестері жүріп жатады.
Қозғалыссыз материя жоқ. Бүкіл әлем заттары, әлемнің өзі де мәңгілік қозғалыста болып, үнемі өзгеріп, дамып отырады,
Барлық материяға — жайсыз заттардан бастап ең жоғары дәрежеде дамыған күрделі материя — адам миына да тән
қасиет, олардың бейнелеу ерекшелігі — материяның сыртқы әсерге жауан беруі. Жансыз заттың жанды—- материяға
ауысуы да, оның қозғалыс түрі де өзгерістерге ұшырайды. Материяға тән жалпы қасиет —
биологиялық бейнелеу
формасы. Жанды матерняның
белгілі бір даму сатысында психика пайда болады. Бейнелеудің жаңаша түрі туады. Ал материяның биологиялық
дамуы тіршіліктің пайда болуымен байланысты.
Бұл — сан жөнінен табиғат дамуындағы жана баскьа Эволюциялық даму нәтижесінде тірі организмдер сыртқы
жағдайлардың әсеріне тітіркеніп, бейнелеудің көптген түрлері келіп шығады. Организмнің мұндай бейнелеу қасиетіне
орай, әлсіз тітіркенуден бастап бейнеле- дің күрделі түрлері болып саналатьш түйсіну, қабылдау ес, ойлау сияқты
формалары пайда болды. Сөйтіп, психикалық тіршілік әр түрлі салаға жіктеледі.
Барлық өсімдіктер мен жәндіктер дүниесіне тән биологиялық бейнелеу қасиеті — тітіркенгіштік. Тітіркіну — тірі
организмдегі биологиялық мәні бар сыртқ әсерге жауап беретін биотоктік қасиет. Мұндай қасиет өте қарапайым бір
клеткалы тірі организмдерде, мысалы, амебаларда да болады. Ал сол қарапайым, көзге кө- рінбейтін организмдердің
биотоктік әсерлерге қозғалып тітіркенуі тропизмдер не таксистер деп аталады (бұл
мәселе
ұшінші тарауда толық
баяндалған).
Жәндіктер дүниесінде кездесетін тітіркенудін бір турі — сезімталдық — тірі организмнің сыртқы ортаның әсеріне
тітіркеніп, тіршілік етуге бейімделуі. Мұндай сезімталдық сигнал (белгі) қызметін атқарады. Тірі организмдердің
эволюциялық даму барысы мен тітіркену қасиетінің сезімталдық қасиетке өту жолында олар- дың тіршілік бейнесіне
орай әр түрлі сезім мүшелері қалыптасады. Организмнің сыртқы жағдайдың әсеріне тіркенуі мен бейімделуі жіктеліп,
бөліне бастайды. Әр бір мүше өз алдына арнайы қызмет аткаратьш дәрежеге жетеді.
50
Жануарлар психикасының бұдан кейінгі эволюциялық дамуында инстинкттік (соқыр сезімдік) әрекеттср мен
дағдылар қалыптасады. Егер инстинкт жануарлардың әрекеті мен қылығындағы бейімделу қасиеті болса, ал олардың
дағдылары әрбір жәндіктің дара тіршілігі-нің әрекеті болып саналады. Жануарлардың психикасы дамып, жоғары сатыға
көтерілген сайын олардың өмір-ітіршілігінің
Достарыңызбен бөлісу: