Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән


§ 6. Қеңестік псяхологияның дамуы



Pdf көрінісі
бет18/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

§ 6. Қеңестік псяхологияның дамуы
Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төнкерісіне дейінгі психологиялық ой-пікірлерді жинақтап топтастыратын болсақ,
бұл пәннің дамып өрістеунің Батыс елдерінен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктерден
адамгершілік, тәлім-тәрбиелік, діни көзқарастар мен хұқықтық жағдайлардың шиеленісті болғандығын айқын
аңғарамыз. Ресейде психологиялык ой-пікір, негізінен, екі түрлі бағытта өрістеді. Оның бірі — бостандық жолындағы
жалпы халықтық қозғалыстағы сана-сезімнін дамуы, екіншісі — ресми идеология.
И. М. Сеченевтыц “Бас миынын рефлексі” деген еңбегі Ресейдегі пснхология ғылымының дамуы үшін
жаратылыстық-ғылыми негіз болды, сөйтіп, материалистік. психологиялық ой-пікірдін дамуына күшті ықпал етті.
Сонымен қатар, Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде Г II. Челпановтың (1862 — 1936), кеңестік кезеедс В Д, Бехтеревтің
(1857—1927), И. П. Павловтың зерттеулері, Н. Е. Введенский мен
А. А. Ухтомскийдін, рефлекске байланысты ашқан жаңалықтары психологияның табиғи-ғылыми негізін одан әрі
өрістетуге жол ашты.
1930 жылдары әлеумегғік өмір мен тәлім-тәрбие істерін жандандыруда педологиялық бағыттык адам ақыл-ойын
зертгеу негізінде жүргізген тәжірнбелік істері елеулі нәтижелер берді. Алайда, 1936 жылғы БК(б)П мен Кеңес
Үкіметінің өктемдік саясатына орай, бұл бағыт Наркомпрос системасындағы педология-лық бұрмалау және идеалистік
ілім деген атпен айыпталып, ғылымн тәжірибеден аластатылады. Дегенмен, емір тәжірибесі көрсеткен-дей, кезінде
педологияның объективті тустары болды
Кеңестік дәуірде пснхология ғылымыньщ іргесін қалауға
П. П. Блонский, В. Я. Струмлинский, Қ. Н. Қорнилов, Б. М. Теплов т. б. айтарлықтай үлес қосты, Психика дамуьш
әлеуметтік тарихи-мәдени теория тұрғысынан зерттеп, көптеген еңбек жазған 
Л. С. Выготский (1896--1934), іс-әрекет психологиясының мәселе-лерін зерттеген С. Л Рубинштейн (1887—1960),
А, Н Леонтьев т. б. еңбектері бұл ғылымның методологиясы мен принциптгерін жаңа сипатта дамуға бағдарлады.
Қоғамның- тарихи даму мқтаждығы-ның, экономика мен идеологияның мәдениеттік өрістеуіне сәйкес кеңестік дәуірде
асихологияның түрлі салалары мен тармақтары дамып, жетіліп, жеке-жеке ғылыми пәнге айналды. Соның нәтижесінде
тәлім-тәрбие психологиясының даму қарқыны мен оның қамтыған мәселелері әр алуан және сан кырлы болғанын
ерекше атап көрсеткен жөн.
28




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет