Б.
Спиноза
(1632 -1677 жж.), Г. Лейбнии (1646—1716 жж.). Дж Лакк (1612—1704 жж.) сияқты аттары әлемге әйгілі
адамдар болды.
§ 4, XVIII ғсырдағы психологиядағы эмпиризм мен
ассоциацианизм. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы
психология
XVIII ғасырда психология ғылымында айтарлықтай өрлеу байқалып, физик И. Ньютон мен физиолог ғалым А.
Галлердің (1708—1777 жж.) зерттеулері оның негізі болып саналды. Жүйке жүйесі
мен бұлшық ет қызметінің
физиологиясы организм тіршілігінің негізі туралы ілімді жетілдіруге әсер етіп, оның мәнін арттырды. Сөйтіп, ойлаудың
дамуында ақыл-парасат шешуші рөл атқарады дейтін бұрынғы көзқарас енді тәжірибелік зерттеулерге сүйенетін болды.
Психиканы осы тұрғыдан қарастыруда әрқилы бағыт ұстаушылар жіктеле бастады. Олардың бірі жан дуниесін зерттеу
адамның ішкі сырын тусінуге бағытталуы қажет деп санаса, ал енді бірі психиканы
танып білудегі тәжірибенің
жаратылыстану ғылымдарын зерттейтін тәжірибеден ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс деген пікірді қолдады.
Сонымен, XVIII ғасырдағы психофизикалық құбылыстардың мәнісін ашу енді психофизиологиялық мәселелерге
ойысып, түрлі психикалық процестердін, сыры жүйке жүйесінің қызметін зерттеумен шектелетін болды. Осы бағытты
қолдаушылардың өздері бірнеше топқа бөлініп, түрлі көзқарасты ұстанды. Солардың ішінде Швейцария зерттеушісі А.
Галлердің бағдары псиликаның пайда болуында жүйкелік процестер бірінші, ал түрлі ой
мен идеялардың өзара
байланысты түрде туындауы екінші кезектегі кұбылыс дейтін көзқарасты қуаттай түсті. Мұның бәрі-психологиядағы
эмпиристік бағыттың көріністері
Ассоциативтік психология. Ньютон ашқан әлемдік тартылыс заңы XIX ғасырдың соңына дейін өзгермейтін заң
деп саналып келді. Соған орай сол заманның ағартушылары Ньютон мен Локк есім-дерін қосарлай айтып дәріптеді.
Өйткені, бұл екеуі де ассоциативтік психологияны механикалық және сенсуалистік көзқарастарға
негіздей отырып
зерттеген болатын. Ассоциациялық (байланысты) қағидаларды қолданудың өрісін көне замандардағы Үндістан мен
ертедегі грек ғұламалары да қарастырған болатын. XVIII ғасырдағы ассоциация нағыз детерминистік сипат алып, дене
процестерінің жиынтығы атқаратын қызмет машинамен істелетін әрекеттер сияқты болады деген ойға негізделді.
Психология тарихында ассоциацияны жалпы катсгориялық ұғым деңгейіне тұңғыш рет көтеріп, оны дәріптеуші —
ағылшын дәрігері Гартлн (1705—1757 жж.). Ол психикалық процестердін бәрі ассоциацияра сүйенеді деп түсіндірді.
23
Гартлидің “Адамды бақылау” деген кітабы (1749 ж.) ассоциацияның кеңінен тарап, өзекті ілім болып калъштасуының
бастамасы болды. Осы енбегінде ол көптеген психикалық процестерді жүйке жүйесінің
тербелісімен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекеттерін материалнстік тұрғыдан түсіндіруге күш салды.
Соның нәтижесінде Гартли адамның саналы әрекетінің жемісі болып табылатын ақыл-ой, ерік-жігер қасиеттерін
де анықтайды. Бұл зерттеулер — санасыз әрекеттің сырьш түсіндіретін алғашқы материалистік тұжырым. Бір сөзбен
айтқанда, Гартлн теориясын XVIII ғасырдағы ассоциациялық материалистік ілімнің шыңы деуге болады.
XIX ғасырдың бірінші жартысы — психологняның даму тарихындағы елеулі кезеңнің бірі. Бұл аралықта
рефлекторлық теорияға негізделген ассоциациялық бұрынғы концепция материалистік тұрғыдан нығая түсті, оның
субстраты мен ішкі бейнесінің санаға айналуын Т. Браун (1778—1820), Джемс Милль (1778-1830), Дж Ст. Мнлль (1806
—1873) сияқты зергтеушілер қол-дады Мұндай көзқарас бойынша, біріншіден, психика түйсік пен қарапайым сезім
түрлерінен тұрады; екіншіден. ассоадация бойынша — бөлшектер алғашқы да, ал күрделі психикалық құрылымдар —
елес, ой,
сезім екінші деп саналады; үшіншіден, ассоциациялар осы екі топ-тағы психнкалық процестер аркылы
құрылады, төртіншіден, ассоциациялар күнделікті тәжірибе аркылы санаға жиі қайталанып отыру нәтижесінде бекиді.
Ассоциациялардың жасалу барысы бнология мен жүйке физио-логиясын зерттеу нәтижелерімен анықталады, Г.
Гельмгольц (1821—1894) ассоциацияның жасалуын сезім мүшелерінің қызметі деп санаса, ал Ч. Дарвин ассоциацияны
эмоция арқылы түсіндірді, Орыс физиологы И. М. Сеченев (1829—1905) ассоциацияның фнзио-логңялық негізін бас
миы рефлексінің қызметімен
ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, Г. Спенсер (1820—1903) оны психиканың филогенездік
дамуымен
ұштастырып, жалпы, психика дамуы мінез-кұлықтың өз-геруіне бейімделеді деді
XIX
ғасырдын, 80—90 жылдарында Г. Эббингауз (1850—1909), Г. Мюллер (1850—1934) тәрізді басқа да
психологтардың еңбектерінде ассоциацияның жасалу жолдары түрлішс түсіндіріліп,
бұл концепция одан әрі
дамытылды. Психологняның XIX ғасырдың орта кезіне дейінгі дамуьшда бұл ғылымның дербестік сипаты ай-қындалып,
оны зерттеушілер табиғи-ғылыми негізге жүгінді, физлологиялық зерттеу әдістерін қолданып, биологиялық үлгіге иек
артты.
24