Есту түйісігі дыбыс шығарашн заттың периодикалық та, периодикасыз да тербелуінен тууы мүмкін. Тұрақты
жиілікпен периодикалық шайқалудан туған дыбыстарды музыкалық дыбыстар дейді. Мысалы, ән айту, саз
аспаптарының дыбыстары музыкалық кұлаққа жағымды дыбыстарға жатады. Тұрақсыз жиілікпен шай-қалудан туған
дыбыстар шуыл дыбыстар деп аталадь'. Мұндай дыбыстарға түрлі сықыр-сыбдырлар мен тарсыл-гүрсілдерді жатқызуға
болады. Дыбыстың тембрі қосымша дыбыс шығаратьш мүшелердің 1 сек. ішіндегі тербеліс саны мен амплитудасына
байланысты болады.
Музыкалық аспаптар мен адам даусыньвд өзіндік үнін тембр дейді. Тембр ауа толқьшының шайқалу түріне
байланысты. Жеке дыбыстар құлағымызға бір мезгілде қатарьшан әсер етсе, ол дыбыстар бір-біріне қосыльш кетеді.
Мәселен, пианиноның үш клавишасьш (до, ми, соль) бірдей балсақ, олар үндесіп, аккордка ай-налады. Біз түйсінетін
дыбыс үйлесімдері құлаққа жағымды, жағымсыз болып екіге бөлінеді. Дыбыстардың жағымды үйлесімі — консонанс
(үйлесімді, жағымды;. жағымсызы {үйлесімсіз, жағымсыз) — диссонанс деп аталады.
Құлақ — есту рецепторы. Ол үш бөлімнен тұрады: 1} сыртқы құлақ; 2) орта құлақ 3) ішкі кұлақ. Сыртқы құлаққа
құлақ қалқаны және оның есту жолы жатады. Құлақ қалқаны — дыбыстың барытын
белгілеп отыратын және оны
жинауға себепкер мүше. Ондай міндетті қалканның бұлшық еті орындайды. Бұл мүшенің фи-зиологиялық күші ерекше.
Кейбір жануарларда қалқан бұлшық етінің де рөлі күшті. Оны біз құлағын қайшылап тұрған аттан, дыбысқа құлағын
тігетін иттен байқаймыз. Есту жолын көмкеріп тұрған терінің беті түкті келеді және онда бұлақ шығаратын бездер
болады. Есту жолының ұзындығы — 2,5 см
Сыртқы құлақты орта құлақтан бөліп тұратын мүше — дабыл жарғағы, Ол нәзік (0,1 мм) болғанымен, өте берік.
Дабыл жарғағы серіппелі болғандықтан, ауа толқынын бұлжытпай шайқалтады. Өзінің тербелуін дабыл жарғағы орта
құлақтың сүйекшелеріне мүлтіксіз жеткізеді.
Ортаңғы құлақтың элементтері үш сүйекшеден — балғашық төс және үзеңгіден тұрады. Балғашық ауаның
жарғақта шайқалуын
төске жеткізіп, төс дірілдерді үзеңгіге апарады. Үзенгі сырттан келген дірілдерді ілгері жөнелтеді.
Ортаңғы құлақтың қуысы евстахий түтігі арқылы кеңсірік, жұтқыншақпен жалғасады. Осы түтікпен өтетін ауа
дабыл жарғағының екі жағындағы ауа қысымын теңестіріп отырады. Егер екі жағындағы ауа қысымын теңелуі бұзыла
бастаса, есту де нашарлай бастайды. Ал екі жақтың қысымы күшейіп кетсе, дабыл жарғағының жыртылуы мүмкін.
Мәселен, атыс кезіндегі өте күшті (200 децибел) ауа толқыны жарғақты жыртып жібереді. Ондайдан сақтану үшін оқ
атылғанда ауызды ашу керек, сол кезде евстахкй түтігінен орта құлаққа енген ауа мен атмосфералық ауаның қысымы
теңдеседі.
112