Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән



Pdf көрінісі
бет65/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

компенсаторлық әрекет 
деп аталады
Түйсік жайында түрлі бағдар ұстанған бірқатар философтар мен психологтар адам түйсігі заттардың обьективтік
қасиеттерін бейнелемейді, олар тек осы заттардың әсерінен сезім мүшелерінде пайда болатын өзгертерді ғана бейнелейді
деген қате пікірлерді уағыздайды Түйсікке қатысты мәселеде Беркли, Юм, Мах т б түйсік дүниедегі заттар мен
құбылыстардын қасиеттері не байланысты емес, ол түгелдей сезім мүшелерінің өз дерінід жұмыс істеу қасиеттерімен
белгіленетін болады дейді. Осы тұрғыдан келгенде, түйсік сыртқы дүниедегі заттардың бейнесі емес, қайдағы бір
шартты белгілер мен -иероглифтер, символдар болып шығады. Түйсікті мән-жайын мұндай түсінік бойынша айқын
түсіндіру өте қиын
XIX ғасырдың басында түйсікті идеалистік тұрғыдан түсіндіруге тырыскан И Миллер сезім мүшелерінің ерекше
энергиясы деген заң шығарып, әр сезім мүшес кез-келген тітіркендіргішке осы мүшеде бар энергия арқылы жауап береді
дейді. Ол түйсік зат пен тітіркекдіргіш қасиетін бейнелемейді, бұл — сезім мүшесіне тән
энергияның еркіндік алу нәтижесі және соған ғана тәуелді болады-мыс деген қорытынды жасайды. Миллердің
мұндай тұжырымы “физиологиялық идеализм” деген атқа ие болып, ол философиялық идеализмнің “түйсік организмді
сыртқы дүниемен байланыс-тырмайды, қайта тірі организмді қоршаған ортадан бөлетін қабырға болып саналады” деген
қате тезисіне сай келді.
Мұндай көзқарастардьщ шындыққа жанаспайтындығын
В. И. Ленин материалистік ілім тұршсынан дәлелдеп, сынға алды. Адам түйсігінің ерекше дамуына еңбек пен
тарихи-әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің шығуы (дыбысты анық тіл) күшті ыкпал еткендігі, адамның
сыртқы бес сезім мүшесінін жетілуі бүкіл әлемдік тарихи дамудың жемісі екені ақиқат.
106


§ 3. Түйсіктін түрлері және оларды топтастырып жіктеу
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі, иіскеу түйсігі, тері түйсігі,
кинестетикалық вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнеше түрге бөлінеді. Ерте кезден бас тап адамның
сыртқы бес сезім мушесіне орай керу, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі
ортаны рецеіпторда бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бар деп саналады. Түйсіктер бірнеше негіз бойынша
жіктеледі Тітіркендіргіш пен рецеп-торлардың жанасуына сәйкес не олардың жанаспауына орай дистанттық және түйісу
рецепторлары болып бөлінеді. Олар жақын ортаға бағдарлануды қамтамасыз етеді. Дәм сезу, ауырсыну, тактильдік
(сипау) түйсіктері түйісу рецепциясына жатады.
Орналасуы мен тітіркендіргіштерді қайдан алатынына карай рецепторларды үш топқа бөлуге болады-
экстерорецептор (көру, есту, тактильдік т. б.);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет