Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән



Pdf көрінісі
бет73/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

§ 4 Түйсіктің жалпы зандылықтары
Біз түйсіктердің заадылықтарын мынадай екі түрге бөліп қарастырамыз. Бірінші — түйсіктер мен
тітіркендіргіштер арасындағы сандық қатынасқа байланысты .психофизикалық заңдылыктар; екінші — түйсіктер мен
ісзім мүшелерінің қалпына тәуелді психофизиологиялык заңдылықтар.
Сезгіштік және түйсік табалдырығы. Талдағыштардың рецепторларына әсер еткен тітіркендіргіштердін бәрі бірдей
түйсік тудыра бермейді. Түйсік тудыру үшін тіркендіргіштің белгілі бір дәрежелік мөлшері жәнс күші болуы керек. Бұл
жағдай түйсіну процесіндегі түйсік табалдырығына байланысты. Түйсіну табалдырығының шегі — абсолюттік
табалдырық. Түйсіктің абсо-люттік табалдырығы деп өте нәзік сезілетін түйсік туған кездегі тітіркендіргіштің азғана
шамасын айтады. Түйсік табалдырығы екіге бөлінеді, яғни: төменгі минималдық табалдырық және жоғарғы
максималдық табалдырық. Егер тітіркендіргіштер әлсіз болып, түйсіктін төменгі табалдырығына жетпесе, онда әсер
119


еткен тітіркен-діргішті адам түйсіне алмайды. Мәселен, бөлменің бұрышына барып, алыстау тұрған адам қол сағаттың
тықылын естімейді, Себебі, сағат тықылының күші абсолюттік табалдырыққа жетпейді. Абсолюттік табалдырықтың
күші адамның абсолюттік. сезгіштігін сипаттайды: абсолюттік табалдырық күші неғұрлым аз болса, абсолюттік
сезгіштік согұрлым жоғары, өткір болады. Басқаша айтқанда, абсолюттік сезгіштіктің мөлшері түйсіктің абсолюттік
табалдырығыныц мөлшеріне кері пропорциялы болады.
Түйсінудің абсолюттік табалдырығы темен болса, онда абсолюттік сезгіштік соғүрлым жоғары болады. Мұны
мынадай формуламен көрсетуге болады:
Е— абсолюттік сезгіштік; Р — абсолюттік түйсіну табалдырығы; І-ге бөлінген. Формула анықтамасы мынадай;
егер абсолюттік сезгіштіктің саны неғұрлым төмен болса, онда абсолюттік түйсіну табалдырығы соғұрлым жоғары
болады. Абсолюттік сезгіштіктің саны мен түйсіну табалдырығы түрлі себептерге байланысты Он.дай себептерге
адамның іс-әрекеті, жасының ерекшеліп, рецеторлардың қызметі, тітіркендіргіштердін күші мен ә сері, мерзім ұзақтығы
жатады.
Табалдырық "түрлерінің абсолюттік сезгіштігі әр адамда әр түрлі. Мәселен, сіздің сыбырдап айтқан сөзіңізді бір
бала едәуір алыста тұрып естиді, ал екінші бір бала ондай аралықтағы сөзді ести алмайды. Бұл бірінші баланың
абсолюттік сезгіштігінің екінші баланыкіне қарағанда күштірек екендігін көрсетсді. Адам талда-ғыштарының
абсолюттік сезгіштігі жоғары екендігін академик 
С. И, Вавилов зерттей-отырып, адамның көзі жарық қуатының 7—8 квантаеына (квантаны фон деп те атайды, ол
— жарық энергиясының өте кішкентай мөлшері) реакция жасай алатынын анықтаған. Бұдан кейінгі зерттеулерде мөлдір
атмосфера жағдайыңда көздің I км жерден шамның мыннан бір үлесіне пара-пар жарықты түйсіне алатындығы
дәлелденді.
Жоғары табалдырық тітіркендіргіштің одан арі түйсінілмейтін ең биік максималдық мөлшерін көрсстеді. Мысалы,
есту талдағышы үшін адамның абсолюттік жоғарғы табалдырығы орта есеппен I секунт ішінде 20000 герцке тең.
Алайда, адамның даралық ерекшелі-гіне сәйкес абсолюттік табалдырық белгілі дәрежеде өзгеріп отырады. Қарт адам
құлағының жоғаргы абсолютгік табалдырығы 15 000 герцтен аспайды.
120


Сезгіштіктің абсолюттік табалдырықтан басқа тағы бір табалдырығы айыру табалдырығы делінеді. Айыру
табалдырығы дегеніміз — түйсіктердің болар-болмас айырмашылығын тудыратын тітіркендіргіштердің мннималдық
айырмасы. Айыру сезгіштігі деп рецепторлардың тітіркендіргіштер арасындагы азғантай ғана, бол-машы
айырмашылыкты түйсіне алуын айтады. Мысалы, жанып тұрған 100 люкстік шамға бір люкс қоссақ, жарықтың
күшейгені байқалады. Демек, бір люкс адамның көз рецеиторы. үшін айыру табалдырығы боладьі екен, Дыбысты
айыратын табалдырықтың күші орта есеппен 1/10-ге тең. Мәселен, 100 кісі қатынасқан хорға 10 адам қосылса, хор аздап
қана артады. Үстеме күш бастапқы сезімге белгілі қатынаста болып, егер одан аз мөлшерде болса, түйсік сезе алмайды,
Сондай-ақ қолга түсірілетін салмақты 1/30 қатынасқа тең деп алады. 100 грамм салмақты қолмен ұстап тұрьш, оның
ауырлаған салмағын байқау үшін оған тағы да 3—4 грамм , алмақ қосу керек, ал қолда 1000 грамм болса, оның үстіне 34
грамм қосылғанда ғана салмақтың ептеп ауырлағанын түйсіну кинестезиялық рецептор арқылы байқалады. Сезгіштіктің
айыру формуласын Вебер — Фехпер мынадай етіп құрған: 
S = К 1g І + С
S — түйсіну қарқыны; I — тітіркендіргіштің күші; К және С — тұрақтылық (константтар)
Тітіркендіргіштердің күші мен адамның түйсінуінің арасында логарифмді тәуелділік бар екені анық. Мұны —
психофизикалық заңдылық деп атаймыз. Бұл зандылықты тұңғыш рет ашқан — неміс физиологі Э Вебер (1795—І878)
жәнс неміс фнзигі Г. Фехнер (1801 — '887). Сондықтан бұл заң психологияда Вебер — Фехнер заңы деп аталады. Осы
заң бойынша, егер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет