Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән



Pdf көрінісі
бет71/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

VI,
Кинестетикалық
түйсіктер
қимыл мүшелері кеңістіктегі қалпын өзгерткенде пайда болатын процестерге
байланысты. Мұндай түйсіктердің рецепторлары бұлшық еттёрде, сүйектерді бірімен-бірі байланыстырыа тұратын
сіңірлер мен тарамыста, екі сүйектің бір-бірімен түйіскен буын аралығында болады. Олардың ұштары мидың орталық
қатпарында орналасқан.
117


Кинестетикалық түйсіктің табиғаты күрделі. Өйткені, ол сапалық жағынан айырмасы бар бірнеше рецел-тордың
бір мезгілде тітіркенуінен пайда бодады. Қимылдарды орындағанда бұлшық еттегі рецепторлар ұщының тітіркенуі
бұлшық еттердің тонусын түйеіндіреді Тарамыстағы жүйке ұштарының тітіркенуі бұлшық еттің қысқаруын, зорлануын
білдіреді. Қозғалу талдағыштары арқылы адам өз денесінің және жеке мүшелерінің. қозғалуы, олардың тездігі мен күші,
бұлшык. еттерінің қысқарып босаңсуы, керілуін түйсінуге мүмкіндігі жақында үздіксіз хабар альш отырады.
Кинестетикалық тадағыштың шетте (периферияда) не больш жатқаны туралы миға тез хабар жеткізіп отыруын кері
афферентация деп атайды. Денедеғі әр түрлі кері афферентацияға байланысты процестер адамның көздеген
мақсатына ,сай келмесе, бұл процестерді бөгеп, мүлдем жойып жіберуге мидың шамасы келеді. Айнала қоршаған
ортаның ылғи өзгеріп отыратын жағдайына байланысты организмнің бейімделіп отыруын реттейтін кері афферентация
— өте керекті шарт. Кинестетикалық талдағыш-тардың кері афферентация жасау қызметі нашарлай бастаса, адамның
күрделі қозғалыс әрекеті де күйрей бастайды. Оны көру рецепторы арқылы бақылап отырмаса, өзінің жасаған
қимылдарын белгілі арнаға түсіріп атыруға адамның шамасы келмей қалады.
Кинестетикалық түйсіктер адамның сөйлеу әрекетінде де ерекше орын алады. Өйткені, ерін, тіл, дауыс
шымылдығы қатынасатын қимылдардың дәлдігінсіз сөйлеу мүмкін емес. Жазудың да негізі — кинестетикалық
түйсіктер. Проприорецепторлары ауруға шалдыққан адам өзі сөйлеп отырмаса, жатқа жаза алмайды. Адам өміріндегі
толып жатқан дағдыларды кинестетикалык талдағыштар-сыз меңгеру мүмкін емес. Қимыл-қозғалыс дағдыларының
барлығына жуығы кинестетикалық түйсікке сүйене отырып жасалады.
VII. Органикалық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет