және салмақсыздықтың алмасуын түрліше түйсінеді. Осы ерекшелікке сәйкес адамдарды мынадай үш топқа бөліп
қарауға болады. Бірінші — жүйке жүйесі барынша тезімді адамдар мұндай жағдайда онша қиналмайды. Ал екінші
біреулер тосын тітіркендіргішке кездескенде ынғайсызданьш, тез шаршайды, өңі бозарып, терлейді, жүрегі айниды,
өздерін тиянақ таппай, қалкып жүргенден сезінеді. Үшінші біреулер сәл басы айналғанын сезгені-мен, бірте-бірте оран
бейімделеді. Бұл адамдардың жүйке жүйесі төзімді болады, Олар өз денесін ерік-жігеріуіен билейді, эмоциялық
төзімділігі мол, қимыл-қозғалыстарын қандай жағдайда болса да үйлестіріп, денесін дұрыс бағдарлай алады.
IX. Вибрациялық түйсіктер деп қозғалған заттардын ауаны толқытуын денеміздің сезінуін айтамыз. Мұндағы
негізгі талдағыштар — түйсіну мүшелеріміз. Төрі мүшесі түгел, дені сау адамдарда бұл түйсік байқалмайды. Ауаның
толқып тербелуін ол әлдеқайда нәзік түрде, яғни құлағы арқылы түйсінеді. Ал адам есту қабілетінен айрылса, онда
вибрациялык түйсіктер оның тіршілігінде ерекше орын алады. Кейбір саңырау (керең) адамдар музыканы, әнді күшті
ынта қойып “тыңдайды>. Өйткені, олар дыбысты вибрация-лық сезімі арқылы түйсінеді. Олар рояльда ойналған
әуендерді оның үстіне қолын қою арқылы естиді. Мұндай адамдар оркестрді тыңдағанда, концерт залына барғанда
сахнаға теріс қарап отыруды ұнатады. Себебі, нәзік дыбыс толқынын олар арқасымен түйсінеді. Музыка әуенін түйсініп
дағдыланған саңыраулар оны жақсы ұғынып, аңғаруға әдеттенеді, бұрын “тындаған” музыкалык шығармаларын үнінен
таниды.
Соқыр не санырау адамдар есік қаққан кісіні, танысының келе жатқанын, автомобильдің дыбысын вибрациялык
сезімдері арқылы түйсінеді. Түйсіқтің бұл түрі барлық адамдарда бар. Бірақ біз одан гөрі жетілген талдағыштарымызды
пайдаланатындықтан, вибрация-лық түйсікті қажет етпейміз.
Достарыңызбен бөлісу: