жұмысында көркем әдебиет стиліндегі эмоционалды-экспрес-
сивті лексиканың тілдік-стильдік ерекшеліктері арнайы қарас-
тырылған.
Экспрессивтілік мағына тек лексикалық бірліктерде ғана
емес, кейбір грамматикалық категориялар мен формалар, қо-
сымшалар, фразеологизмдер арқылы да туындайтындығын ке-
зінде академик В.В.Виноградов тілдік деректермен дәйектеген
еді.
Қазақ тіл білімінде
морфологиялық тұлғалардың, яғни
қосымшалардың экспрессивтік-эмоционалдық ерекшеліктері
арнайы зерттеуге алынған жоқ. Кейбір жалғаулардың қолданылу
ерекшеліктеріне қарай құрметтеу, сыйлау не мысқыл-кекету не
сүйсіну, қомсыну сияқты әр-түрлі экспрессивті реңдегі бірліктер
жасалады.
«Адалын айтайын, ағынан жарылып тұр, сабазың»,
«қалқатайым, қарашығым,
Қайранбай».
Бұл сөйлемдердегі тә-
уелдік жалғауларының қызметі арқылы сүйсіну мәні күштірек
байқалады.
Тілдің көркемдігін жетілдіру үшін, образ жасауда бұл
тәсілді көркем сөз шеберлері жиі қолданады. Эмоциялық
реңкі
бар экспрессивті сөздер көбіне көркем әдебиет стилінде кез-
деседі, өйткені, олардың стильдік бояуы, көркемдік-эстетикалық
мәні сонда ашылады. Ақын-жазушылар шындықты көрсетуде,
ондағы кейіпкерлердің мінезін ашып, портретін сомдауда
осындай көтеріңкі, бейнелі, мәнерлі сөздерді жиі қолданады.
Жазушылардың эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолдану
шеберлігіне деректер келтірелік:
Туған баласының алдында
беделі жоқ әке сорлы. Рысқұлдың бағы бар. Тұрар оны пайғам-
бардай сыйлайды. Жер бауырлаған жеті жасар бала не біледі
дейтіндердің соры қалың; «Әке көрген оқ жонар» болса, сол
жеті жастағы жеткіншек. Тұрар туған әкесінің турашыл-
дығын, күштіден күбіжіктемейтін, мықтыдан ықпайтын тә-
каппарлығын, жарлымын деп жасымайтын жігерін көріп өсті.
Тұрар үшін Рысқұл ер біткеннің ішіндегі одағай оқ жетпесі.
Бұл мәнмәтіндегі әке мен баланың бір-біріне деген сүйіспен-
шілігі оқырман сезіміне ерекше әсер етеді. Үзіндідегі
пайғам-
бардай сыйлайды, әке сорлы, соры қалың, жер бауырлаған жеті
жасар жеткіншек
деген тілдік бірліктер ойдың түпкі мәнін
нақты аша түсуге, экспрессия туғызуға қызмет атқарып тұр.
Сондай-ақ публицистикалық стильде де, сөйлеу тілінде де
экспрессивті-эмоционалды мәнде жұмсалатын лексикалық бір-
ліктер жиі кездеседі. Мына үзіндіге назар аударалық: Қазір
сол
бағалы қазынаны бөтен адамдар кімге, қаншаға сатады, оны
біз білмейміз. Осыны жақында Президент ашынып айтты ғой.
Енді басыбайлы сатуды тоқтатамыз деді. Біз де осыны жаз-
ған едік қой
(Газеттен). Бұл жердегі
басыбайлы сөзі
–
жеке
басының еркіндігі жоқ, біреуге тәуелді
деген
ұғымды
білдіреді, яғни «басы байлаулы, азаттығы жоқ» деген мағы-
нада түсіндіріледі.
Басыбайлы құл
тіркесі түрінде жұмсалып
келген бұл сөздің бүгінгі тілдік қолданыста жұмсалу уәжі
айрықша, экспрессиялық қуаты зор.
Өз өндіріс орындарымыз-
ды өзіміз игере алмай, оған күш-қуатымыз, қауқарымыз жет-
пей, шет елдік қалталыларға сатып, өзіміздің соларға тәуелді
болып отырғанымыз
деген ой-сезімді жеткізуде экспрессивті
мәнде әсерлі жұмсалған.
Қазақ тілінде әсіресе
болымсыздықтың эмоционалды-
экспрессивті мәні күштірек сезіледі, оны төмендегі қолданыс-
тардан байқауға болады:
а) сөйлемнің болымсыз формалы баяндауышының қайта-
ланып келуі арқылы:
Есіл, Тоғжан, ұмытпаспын, ұмытпаспын!
Айтпа
, айтпа деймін анаған!
(М. Әуезов) – күшейту мәні басым.
ә) сөйлемде болымсыз есімдіктердің қайталануы да оған
экспрессивтік мән береді:
Ештеңе де ішкім келмей отыр,
Мәйна, ештеңе де
(С. Шәймерденов).
б)
түгіл, тұрмақ, тұрсын
шылаулары зат есім,
сан есім,
сын есім, қимыл атауларымен тіркесіп, болымсыз мәнді салыс-
тыру арқылы да экспрессивтік мән алады:
Жеке меншікті жой-
мақ түгіл, әзір ойлаған да емеспін
(Ғ.Мұстафин);
Хат былай
тұрсын, ас та бергізбейді
(С.Мұқанов).
Достарыңызбен бөлісу: