Қарапайым сөздердің стильдік қолданысы
Қазақ тіл білімінде стильдік категорияның бірі – қара-
пайым сөздер. Қарапайым сөздер деп ауызекі сөйлеу тіліне тән,
жалпыхалыққа түсінікті әрі әдеби нормаға жатпайтын, басым
көпшілігі тұрпайы болып келетін экспрессивтік-эмоционалдық
реңкі бар сөздерді, сөз тіркестерін, грамматикалық тұлғаларды
айтамыз.
Қарапайым элементтер әдеби тіл үлгілерінде қолда-
нылады, көбінесе стильдік қызмет атқарады. Мысалы,
«оттама,
қыртпа, артыңа қара, кәдуіскі, күшік күйеу, шүйке бас, қатын
алу, көк мойын, шірік кәйтіп кетті, былшылдап отыр, не от-
тап жүрсің, ақша дегенің қырғын, мен саған пысқырмаймын
дегендердің мазмұны төмен болса,
әкеші,
бересашы, келе сашы,
кеп кетті
тәрізділер дыбыстық құрамы жағынан «жартыкеш»
сөздер. Мұндай сөздердің басым көпшілігі тұрпайы болған-
дықтан, автор қолданғанда кейіпкердің ой-өрісін, сауатты-
лығын, мәдени дәрежесін, қысқасы кейіпкер мінезін ашып
беруде жұмсайды. Бұл жөнінде академик Р.Сыздық
8
: «Нағыз
жазушы кейіпкерін өздері беріп тұрғандай образға сай сөй-
летеді. Кейіпкер сөзі оның бейнесін жасауға тікелей қызмет ете-
тін көркемдік тәсілдің бірі болып саналады». Мысалы:
Енді ол безбүйректі жанамалауды қойып, қадағалай соқ-
қысы келіп, көзін соған аудара бергенде, жиынның орта тұсы
шу етіп көтеріліп кетті.
- Өй, арам без!
- Өй, бұралқы!
Жиын ереуілдей көтеріліп, лықсып – толқып, төмпенің
төбесіне қарай еңсеріліп келеді;
Әй, сен, Тайшыбек қарақшы, не оттап отырсың? – деді
әйел ірі денесімен оң жағына қарай еңсеріле бұрылып (Ғ.М);
Танашты азырақ қыжыртып алды, ақбөкендерге ұрыс-
ты, иттеріне ұрысты, қалжыңдасты, енді өзіне ұрсары ғана
қалғандай:
- Әй, сен көп оттап кеттің ғой, қойсайшы.
- Ойбой, сорлылар-ай – деді Айжан, сорлылар дегені ақбө-
кен екенін танып
(Ғ.Мүсірепов). Аталған мысалдарда кейіпкер-
дің аузынан шыққан дөрекі, эмоционалды сөздер, яғни қара-
пайым сөздер шоғыры:
Өй, арам без!; Өй, бұралқы!; Ойбой, сор-
лылар-ай; көп оттап; не оттап отырсың?,
біріншіден, кейіп-
8
Сыздық Р. Сөз құдіреті А., 2005. 37-б.
кердің болмысын, адуынды, ұрысқақ, көк езу, долы адам екен-
дігін көрсетуге қызмет етіп тұр, екіншіден кейіпкердің ішкі сезі-
мін, қатты ашу-ызасын беру мақсатында да жиі қолданылған.
Жазушылар қарапайым сөздерді қолдану арқылы сөйлемдердің
экспрессивті-эмоционалды қуатын арттырып, айтар ойын оқыр-
ман көңіліне нақты, әсерлі жеткізеді. Ауызекі сөйлеу стилі эле-
менттерін тиімді қолдану арқылы кейіпкерлерінің сөйлеу мә-
нерін, мінез ерекшелігін аша түседі.
Қарапайым сөздер әлеуметтік мәні бар категория ретінде
де ерекшеленеді. Айталық, көркем шығармаларда белгілі бір дә-
уір көрінісін нанымды суреттеуде автор әлеуметтік мәні бар қа-
рапайым сөздерді қолданады. Мысалы,
қазақ
немесе басқа да
түркі халықтарын
«киргиз, қайсақ»,
өзбекті –
«сарт»,
орысты –
«ақ құлақ»
деу әрі ескішілдіктің сарқыншағы болып табылатын
қарапайым сөздер де орынды жұмсалған.
Ал осы бірліктерді ешбір мақсат көздемей орынсыз жұм-
сау стильдік нормадан ауытқу болып табылады. Мәселен, шар-
шытоп алдындағы сөзде, ресми жағдайдағы тілдік қарым-қаты-
наста қарапайым сөздерді қосып сөйлеу әдеби тілдің нормасына
жат деп есептеледі.
Қарапайым сөздерден
Достарыңызбен бөлісу: |