Окказионализмдердің стильдік қолданысы
Көркем әдебиет стилінде жасалған жаңа сөздердің сипаты
екі түрлі болады: бірі – жалпы әдеби тілге ортақ түрінде жұм-
салса, екіншісі – жеке ақын-жазушылар стилінде пайда болады
да, белгілі шығарма тілі аясында ғана қолданылады. Мұндай
стильдік неологизмді
– окказионалдық құбылыс деп танимыз.
Қазіргі ғылымда жеке автордың шығармашылығында пай-
да болған авторлық қолданыстарды, яғни жаңа сөздерді атауда
бірізділік жоқ деуге болады. Бұл мәселенің қазақ тіл біліміндегі
көрінісіне келер болсақ, Р.Сыздықова «тосын сөздер» немесе
«бір қолданар сөздер» десе, ғалым Х.Нұрмұханов «Сөз және
шеберлік» зерттеу еңбегінде потенциалды сөздер мен окказио-
налды сөздер деп, олардың ара-жігін ажыратып, окказионализм-
дер контекст қалауына орай тек бір ғана қолданымдық болып
қызмет атқаратын сөздер деп сипаттама береді. А.Алдашева «ав-
торлық жаңа сөздер немесе индивидуальды-авторлық сөздер»
деген атауды пайдаланса, Л.Еспекова, Г.Мұратова, т.б. ғалым-
дар «окказионализм», «окказионал сөздер» не «окказионал қол-
даныстар» деген атауларды ұсынады. Осы орайда окказионал
бірліктерді көркем әдебиет стилінде жазушының шеберлігі
арқылы пайда болған қолданыстар ретінде танимыз.
Көркем әдебиет тілінде шығармашылық қажеттіліктен
пайда болған авторлық қолданыстар, біздің ойымызша, белгілі
бір әдеби-эстетикалық, идеялық мақсатты көздеуден туған линг-
востилистикалық құбылыс әрі жазушы танымына тәуелді, жеке
тұлғалық қасиетін танытатын тіл бірліктері.
Бірқатар зерттеулердегі ғылыми пайымдауларды негізге
ала отырып, авторға тән окказионалдық бірліктердің мынадай
ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
- жеке автордың тұлғалық көрінісін айқындайды;
- шығармашылық қажеттіліктен туындайды;
- мәнмәтінге байланыстылығы;
- мәнмәтінде белгілі бір қызмет атқаруы;
- тіл заңдылықтарына үйлесіп те, үйлеспей де келеді
(жасалуындағы еріктілік);
- тілге ену қабілеті шектеулі;
- жаңашылдығы;
- автордың стильдік шеберлігіне тәуелді.
Демек, окказионализмдер дегеніміз – стильдік мақсатпен
шығармашылық қажеттіліктен туындайтын, әдеби тілімізге ену
қабілеті шектеулі, мағынасы жағынан мәнмәтінге байлаулы,
үнемі жаңашылдығымен ерекшеленетін, автордың дүниетаны-
мына тәуелді тіл бірліктері. Мысалы:
Қазақтың бағы жүрсе – кәукілдеген мақтан әңгімесі,
гулеген өсегі, кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кердең жүрісі
көбейіп, қараптан-қарап іші жарылып, бұтқа толы болады.
(Ә.Кекілбаев).
Бұл сөйлемдегі
кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кер-
дең жүріс
окказионалдық қолданысы адамның мінез-құлқына
байланысты пайда болып, жүріс-тұрысты бейнелеп тұр. Жазу-
шы «шалқайып, шіреніп жүру» мағынасындағы жүрісті суреттеу
мақсатында бір-бірімен үйлеспейтін сөздерді өзара байланыс-
тырып окказионалдық қолданыс жасаған.
Сонда қарқарадай хан ауылын тасырлатып шауып кетер-
дей ол не қылған жүрегіне жүн байлаған қазақ
(Ә.Кекілбаев).
Бұл мәдени-ұлттық мәнмәтінде автор кейіпкердің (бұл
мәтінде қазақтың) бейнесін ашу мақсатында окказионал мета-
фора жасаған. Мәтіндегі авторлық метафораның мағынасы –
батыл, ержүрек дегенді аңғартады. Көркем авторлық үлгілер –
жазушы дүниетанымының, ақыл-ойының өнімді нәтижесі.
Шерменде емен ешкімге есем кетіп,
Жетіп жатыр қусам бақ, жесем несіп.
Дәлі де емен қуған тепеңдесіп,
Жетім де емен: әкем – көк, шешем – бесік.
(Ә.Кекілбаев).
Қазақ ұлтының ұғымында көк – аспан ұғымын білдіреді.
Бұл өлең жолдарында автор әкені көкке балап, бала үшін әкенің
қаншалықты қадір-қасиеті бар екенін
әкем – көк
окказионал
қолданысы арқылы беріп отыр. Ал
шешем – бесік
окказионал
қолданысына келер болсақ, бесік – ұлттың рухани негізі. Ол
үнемі анамен байланысты айтылатын тілдік бірлік. Бұл окказио-
налдық қолданысы арқылы халық дәстүрі, ұлттық мәдени ерек-
шеліктері айқын бейнеленген.
С. Торайғыров «Туған еліме» өлеңінде:
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың…
Тек қалауым сіздерден,
Серіктікті милаймын, –
Балалыққа – бала болуға, аталыққа – ата болуға
орнына
жұмсалған,
«милаймын» – ми
сөзінен жасалған,
«ойлаймын»
деген мағынада қолданылған. Бұл окказионалдық құбылыс –
жаңалық, ұйқастылығымен тартымды.
Д.Досжановта
қышкер
(қыш құюшы),
зертас
(мозаика),
дабылкеш (дабыл қағушы) – ұтымды қолданыстар. Керісінше,
кейбір ақын-жазушыларда жаңа сөзге әуестік көбірек байқа-
лады. Не бір стильдік жүгі жоқ, не мағынасын түсінуге ауыр
сөздер де кездеседі:
жұлмыт, қаупайлау, мыжыма жеу, ық-
суат, бір күншілей
(Д.Досжанов) т.б.
Қысқасы, окказионализмдер – жазушы стилін, шеберлік
қырларын, өзіндік қолтаңбасын танытудың тиімді амалы. Өйт-
кені, стиль деген ұғым – белгілі бір қаламгердің өз шығарма-
сындағы оның дүниетанымы мен эстетикалық көзқарасынан,
көркемдік ұстанымдарынан туындайтын құбылыс. Бұл – өзгеге
ұқсамайтын жазу мәнері, жазу машығы, яғни суреткердің тілдік
тұлғасын сипаттайтын дара стильдік ерекшелік.
Достарыңызбен бөлісу: |