хан шахид
болғалы өткізілмек ең үлкен кеңес
еді, ұлыстарды ұстап отырған ақсүйек атаулы –
сұлтан
мен
оғлан
түгел келді. Бұлардың ішінде өз ұлысына хан болғысы
келген қырыс
төрелер
де бар еді». Осындағы
падишах, хүкім,
шахид, ұлыс, сұлтан
мен
оғлан, төре
сөздері шығармаға көнелік
6
Донец Л. С. Особенности языка произведений исторического жанра (на
материале романов Л. Югова, С. Скляренко). Л., 1976, с.3
рең беріп, сол дәуірдің тарихи шындығын суреттеуде қолда-
нылған. Сондай-ақ роман тілінде автор
түменбегі, мыңбегі,
қарашы бек, бахадур, қалға, құма, емелдес, қазынадар, алаш
мыңы, сұйырғал, қарашы, күрен, нойан, т.б.
көнерген сөздерді
сол кезгі әкімшілік лауазымдары мен әлеуметтік топтардың
және қызмет адамдарының атауларын тарихи шындықтан ауыт-
қымай, дәл көрсету мақсатында тиімді жұмсаған. Бүгінгі оқыр-
ман қауым бұл сөздердің мағынасын жіті тани бермейді. Бұлар –
көркем әдебиет стилінде көп жұмсалмайтын тілдік бірліктер.
Р.Сыздық деректері бойынша
қалға, күріген, құма
– түркі-
монғол тілдерінде ертеден қолданылған сөздер:
қалға
– ханның
ізбасары ретінде хан әулетінің ұлысбектері, би, батырлар,
қалаған (сайлаған) сұлтан, күріген – монғол сөзі, мағынасы
«күйеу бала», көне монғолша гүрген, қазіргі монғол тілінде
хургэн, қалмақ тілінде кургн, сондықтан жазушы М.Мағауин
мұны қазақша күріген деген тұлғада тиімді жұмсаған, бұл
Қадырғали Жалайыри қалдырған шежіреде тек жалқы есім-
дермен келетін титул (Буту гурген, Туралчы гурген деген сияқ-
ты). Түркі-монғолдардың әлеуметтік-саяси құрылысында хан-
ның күйеу балаларының сословиелік орны болған, яғни ханның
батыр, беделді күйеу балалары өз балаларының дәрежесіне те-
ңестіріліп, олар ел басқару, қол басқару істеріне қатыстырыла-
тын болған. Тарихи роман жазушы бұл шындықты да шынайы
түрде бейнелеп көрсетуді мақсат еткен және ең бір ұтымдысы
қалға, күріген сияқты бүгінгі қазақ оқырманы дәл тани бер-
мейтін сөздердің мағынасын өзі ашып беріп отырады:
Қалға
сайлау – қазақтың көне дәстүрі, ізбасар керек. Сейтек, әрине,
жүрегі жарыла қуанады. Іргелі елге кірме емес, туыс болады.
Хан күйеуі – күріген атанады.
Ал құма сөзі қазіргі қолданыста
(онда да сирек) «құмадан туып па (тудық па, туды ма)» деген
сияқты метафоралық тіркесте сақталған, көне түркі-монғол хан-
дықтарындағы билеуші әулеттің некелі жұбайлары
хатун
(қатын)
деп, ал жаулап алған тайпаның билеушілерінің қатын-
қыздарын, қарындастарын әйел еткенде, олар
құма
деп аталған.
Мысалы, Шыңғысханның төрт хатуны, көптеген құмасы болған.
Жазушы хан әулеті жұбайларының бұл бөлінісін де қалт жібер-
мейді:
Атаң... хан атамның некелі қосағының өзі үшеу екен,
некесіз алты құмасын айтпағанда...
Құма – тоқал емес. Тоқал-
ды хан әулетіне жатпайтын адамдар да (әрине, байлар мен бар-
лар, батырлар, билер) ала береді, ал құма – титул, ол тек хан мен
сұлтандардың қосағы, жай таңдап алған жұбайы емес, соғыста
жеңіп, жаулап алған жақтың (ұлыстың) әмірші әулетінің әйел-
қыздары. Олар да ақсүйек нәсілі болғандықтан, құмадан туған
балалар «хатундардың» балаларымен тең құқықты болған,
көбінесе некелі әйелдерінің тәрбиесінде өсірілген.
Емелдес
те хан ордасында орны бар адамның аты,
емелдес
деп хан ұрпағымен емшектес (бір ананың сүтін емген)
болғандарды атайды. Науқас болғандықтан анасының сүтін еме
алмаған Сүйініш оғланды (Ораз-Мұхамедтің Айшешектен туған
баласы) Милана деген орыс қызметші әйел емізіп өсіргендіктен,
оның өз балалары Петрөшке (Петрушка) мен Көлке (Колька)
Сүйініштің емелдестері болып суреттеледі. Ал жоғарыда көр-
сетілгендердің ішінен
дархан
сөзін жазушы өз мағынасында
орынды келтірген: дарқан – ұста, бірақ мұны осы романда
ұста
сөзінің эквиваленті емес, біреуін –
дархан
сөзін «сауыт соғып,
садақ иетін шебер» мағынасында,
ұста
сөзін «қылыш қайрап,
сүңгі суыратын» шебер мағынасында жұмсайды.
Дарқан
сөзін
Абай да «ұста» мағынасында қолданған, бұл сөзді диалектолог
ғалымдар Семей өңірі мен Шығыс Қазақстан тұрғындарының
тілінде «ұста» мағынасында келетін ерекшелік деп таниды. Ал
М.Мағауин қару-жарақ, сауыт-сайман жасайтын шеберлерді
осылайша ажыратып, өз мәнінде дұрыс қолданған.
Сұйырғал
(автор мұны сұһұрғал деп таңбалапты) – бас
әміршінің, айталық ханның, патшаның қол астындағы еңбегі
сінген адамның иелігіне сый ретінде бөліп беретін жер. Бұл
сөзді жазушы Ораз-Мұхамедтің Тәуекел ханға жазған хатында
келтіреді:
Имам патша хазретлері бізні йарылқаб, сұһұрғаллар,
анғамлар бахшиш қылды...
Бұл жерде хат мәтіні жөнінде ғалым
Р.Сыздықтың танымы төмендегідей
7
: жазушы романның 1-
кітабында орыс патшасының қарауында Мәскеуде отырған
7
Сыздық Р. Сөз құдіреті. А., 2005, 110-б.
Ораз-Мұхамед сұлтанның «алаш мыңы» ханы Тәуекел ағасына
жазған үш хатының мәтінін береді. Ораз-Мұхамедтің хаттар
жазғаны рас, бірақ, өкінішке орай, олардың түркіше түпнұсқасы
жоғалған, тек орыс тіліндегі аудармасы сақталғанын білеміз.
Жазушы осы аудармалардың негізінде сұлтан хаттарының
түркіше тексін өзі жазған және өзі сәтті шығарған: алдымен,
Ораз-Мұхамед хатты таза қазақ тіліне емес, сол кездегі жазба
дәстүрмен «шағатайша» жазғаны даусыз, екіншіден, Мұхтар
Мағауин орта ғасырлардағы ортаазиялық жазба әдеби тіл
нормаларын едәуір жақсы танып, игергені байқалады. Бұл
жерде де роман авторы аз тер төкпеген, тілге деген адалдық
танытқан. Қазіргі тарихи шығарма мәтіндерінде ұшырасатын
ескіліктерден
сыпай/сыпағ, жасауыл, тұтқауыл, ертауыл,
бақауыл, шолғыншы, отаман, тосқауыл, жандар, мылтықшы,
атарман, шабарман, қосын, т.б.
көнерген, тарихи сөздерді
жатқызуға болады. Өткен дәуір шындықтарынан мол ақпарат
беретін мұндай лексикалық бірліктердің мән-мағынасын,
стильдік қызметін тану аса маңызды болмақ.
М.Мағауин авторлық баяндауында стильдік мәні бар көне
варваризмдерді де көркемдік мақсатта пайдаланады: «ас-су,
дастарқан жайын басқаратын адам» мағынасындағы
бақауыл
не
бауыршы
сөзінің синонимі ретінде орыс тіліндегі
стряпчий
көне
атауы осы тұлғада ұшырасады. Қызметтері бірдей болғанымен,
орыс патшасы сарайының ресми қызмет иесін
бақауыл (не
бөкеуіл)
деп атамай,
стряпчий
деп беруі – стильдік мүддеден
туған қолданыс болып табылады.
Кейде көнерген сөздерді жазушылар юмор, мысқыл-әжуа,
кекесін мәнін тудыру үшін де қолданады. Мысалы,
Шабарман
емес,
сабарман
ғой;…біздің елдің
жәндәрәлі
» ғой (М.Әуезов).
Көнерген сөздер құрамы жағынан әр алуан. Олардың көбі
әдет-ғұрыпқа, салт ерекшеліктеріне, әкімшілік құрылысқа, қару-
жарақ пен сауыт-сайманға, киім-кешек, жорық баспанасына
байланысты болып келеді:
қол ұстатар, жыртыс салу, шар
салу, сауын айту, даруға, датқа, хан, старшын, тархан, ерта-
уыл, бақауыл, емелдес, күріген, қандауыр, жандар, жебе, кез-
дік, қандауыз, қорамсақ, көбе, дулыға, шоқпар, найза, қылыш,
берен, кіреуке, шарайна, ала балта, шыңдауыл, даңғыра, ереуіл
ат
, т. б.
Кейбір мәдени құралдар, ел билеуге байланысты көнерген
сөздер, қару-жарақ атаулары сияқты лексикалық топтар өткен
заманға тән теңеулерді құрады. Бұл бірліктерді көркем бейне
тудыру мақсатында, мәтінге өзгеше поэтикалық мән беру үшін,
шығарманың көркемдігін, әсерлілігін арттыру үшін жұмсайды:
Қандауырдың жүзіндей қайқы кірпіктері (портрет); Хан аға –
жақ болғанда, сұлтан іні – жебе; қайраусыз қара қанжар, берік
түйінді берен сауыт болған біз едік
– тәрізді экспрессивті
эпитет, теңеулерде қару-жарақ атауларын адамзатқа теңеу
болса, бұл – М.Мағауин тіліндегі мәнмәтіндік, поэтикалық тір-
кестер болып танылады.
Көне өмірдің нанымды кейпін жасауда автор кейбір
байырғы шешендік сөз үлгілерін, мақал-мәтелдерді, фразалық
тіркестерді молынан пайдаланады:
«Қылыш үстінде серт жоқ,
қымыз үстінде кеңес жоқ. Аға тұрып іні сөйлегеннен без, төре
тұрып қара сөйлегеннен без».
Бұдан автордың сол кезгі шешен-
дер мен билер сөзінің эстетикалық көрсеткіштерін толық сақ-
тағандығы байқалады. Демек, өткен тарихты көркем түрде
бейнелеуде тілдегі стильдік амал-тәсілдердің, көнерген сөздер-
дің қызметі орасан зор.
Достарыңызбен бөлісу: |